20 Ақпан, 2016

Итальян жазушысы Умберто Эко қайтыс болды

680 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-02-2016 italyАСТАНА. 20 ақпан. Италияның белгілі жазушысы Умберто Эко 84 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ras.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ол Алессандрияның Пьемонте қалашығында дүниеге келіп, 1954 жылы Турин университетін «Ортағасыр философиясы мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Болон университетінің профессоры, көптеген шетелдік академиялардың құрметті докторы Умберто Эко телевидениеде жұмыс істеді, кеңінен танымал «Эспрессо» апталығын құрды, Милан және Флоренция университтерінде сабақ берді. Философиялық-детективті тарихқа негізделген «Раушан гүлдің аты» (1980) романы оның әлем әдебиетіндегі даңқын асырды. 1983 жылы жазушы «Раушан гүлдің аты» аясындағы естеліктерінде» өзінің романды жазу барысындағы кейбір құпияларын айтып, әдебиеттегі автор, оқырман, шығарма арасындағы байланыс туралы ой толғаныстарын бөлісті. Шон Коннери мен опера әншісінің баласы Федор Шаляпинді қатыстыра отырып, француз режиссері Жан-Жак Анно 1986 жылы романды экранға шығарды. Қаламгердің бұдан кейінгі жылдары жазылған «Фуко маятнигі» (1988), «Қарсаңдағы арал» (1994), «Баудолино» (2000), «Лоана патшайымының құпия жалыны» (2004), «Прага қабірі» (2010) романдары да жақсы бағаға ие болды. Ал 2015 жылы қаңтарда жазушының «Алғашқы нөмір» атты соңғы романы жарық көрген болатын. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.