20 Ақпан, 2016

АҚШ-тың белгілі жазушысы Харпер Ли қайтыс болды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-02-2016 kharper leeАСТАНА. 20 ақпан. АҚШ-тың белгілі жазушысы, «Сайқымазақтың көзін жою» (To kill a mockingbird), «Күзетшіні тағайында» (Go set a watchman) сынды кітаптардың авторы Харпер Ли 89 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жазушының қайтыс болғаны туралы алғаш болып, Алабама штатына қарасты Монровилл қаласындағы Book Shoppe кітап дүкенінің ресми сайты хабарлады. Сондай-ақ, бұл ақпаратты қала әкімі де растады. «Сайқымазақтың көзін жою» туындысы 1960 жылы шыққан. Кітапта АҚШ-тың оңтүстігінде орналасқан шағын қалашықтағы нәсілшілдік, ескілік ұғымның қалыптасып кетуі жайлы жазылған. Осыдан соң, 55 жыл бойы кітап жазбаса да, танымал жазушылардың бірі саналды. 2015 жылы Харпер Лидің «Күзетшіні тағайында» кітабы жарыққа шығады. Бір қызығы бұл роман «Сайқымазақтың көзін жою» туындысы басылып шыққанға дейін жазылып қойған әрі осы кітаптың жалғасы ретінде жазылды. 1961 жылы Харпер Ли әдебиет саласындағы еңбегі үшін Пулитцер сыйлығын алады. АҚШ-тың президенті Кіші Джордж Буш президент медалімен, ал оның ізбасары Барак Обама әдебиетке қосқан үлесі үшін ұлттық медальмен марапаттаған. Ол 1926 жылы 28 сәуір күні Монровилл қаласында дүниеге келген. 1947 жылы Алабама университетіндегі заң саласы бойынша оқуын аяқтамастан, Нью-Йорк қаласына әдебиет бағытын қолға алу үшін көшіп кетеді. Алайда «Сайқымазақтың көзін жою» кітабы жарияланбас бұрын туған жеріне қайта көшіп келіп, өмірінің соңына дейін Монровилде өмір сүрген. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: bbc.com.