22 Ақпан, 2016

Фиджи аралдарында табиғат апатынан 10 адам қаза тапты

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22-02-2016 FijiАСТАНА. 22 ақпан. Фиджи аралында «Уинстон» тропикалық циклонның салдарынан 10 адам қаза тауып, 7 адам жоғалып кетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Өзге де аралдардан нақты мәлімет болмағандықтан қаза тапқандардың саны артуы мүмкін деген болжам бар. Метеорологтар жойқын дауылдың жылдамдығы сағатына 325 шақырымды құрағанын, ал мұхит толқындары 12 метрге дейін көтерілгендігін анықтады. Мемлекет астанасы Сува қаласының билігі табиғат апатынан 140-тан астам үйдің қирап қалғандығын мәлімдеді. Батыс аймақтардағы ең ірі Вити Леву аралында барлығы 680 үйдің 425-і зақымданған. Бұл аралда халықтың 70 пайызы тұрады. Көбіне төменгі аудандардың тұрғындары зардап шекті. Баспанасынан айрылғандарға қауіпсіз аймақтардан арнайы орындар берілді. Фиджи Республикасы Тынық мұхиттың оңтүстік-батысында Фиджи аралдарында орналасқан мемлекет. Аумағы 18333 шаршы шақырымды құрайды. Халқы 890 мың. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.