Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауларына үміткерлер үгіт-насихат шараларын жүргізуге белсене кірісіп кетті. Үлкен саяси додаға түскен «алтылықтың», яғни 6 партияның санатында Жалпыұлттық социал-демократиялық партия да бар.
Орталық сайлау комиссиясы партия тарапынан ұсынылған 23 үміткерді тіркеуден өткізіп, жеребеге сәйкес Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сайлау бюллетенінде бесінші орында тұр.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) сайлауалды бағдарламасына сай алғашқы өткен Алматыдағы басқосуында жас буын өкілдері партия қатарына қабылданды.
Өз жақтастарымен емен-жарқын ашық әңгіме барысындағы өткен бұл шара еліміздегі оппозициялық партияның сайлауға құлшынысынан хабар бергендей. Алматы қалалық филиалының жетекшісі Тазабек Сәмбетбайдың алдағы қызу науқандағы ұйымның көздеген мақсаты туралы толғана сөйлеген сөзі де көпшіліктің көңіліне қонған секілді. Егер сайлауда үміткерлер жеңіске жете қалса, Парламенттің биік мінберінен партияның қоятын көкейкесті халықтық мәселелердің ауқымы баршылық. Осыған орай шешен партияның өз сайлаушыларына ұсынып отырған шаралар кешеніне кеңінен тоқталды. Ол негізінен алғанда әлеуметтік, экономикалық және саяси саланы қамтиды.
Әрбір партия саяси додада өз ұстанымын нақтылайды емес пе. Бұл тұрғыдан алғанда, партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалғанындай, «ЖСДП өзінің көп жыл бойы ұсынып келе жатқан қайта құруларды жүзеге асыруға билікті көндіру, еліміздің ішкі тірегін бекіту, Қазақстанды экономикалық жағынан пәрменді, әлеуметтік жауапкершілігі бар, табысты еркін, шын мәнінде тұрақты және тәуелсіз мемлекет ету үшін Парламент Мәжілісі сайлауына қатысады».
«Ел таңдауы – халық билігі!» деген ұранмен шыққан ЖСДП әлеуметтік салада елімізде әлемдік тәжірибені пайдалану керектігін алға тартады. Мәселен, байыған азаматтар белгілі бір сомадан тыс тапқан табыстарының 50-60 пайызын қазынаға құюы тиіс. Қаны қызу бір партия мүшесі атып тұрып партия ішіндегі алауыздық пен өткен тарихи кезеңдегі екіге жарылу жайын дауламақ болған еді, жиналыс төрағасы оған да лайықты тойтарыс берді. Бұл сайлауда партия жастар қанатына арқа сүйеп отырғанын жеткізді.
Партияның жас мүшесі Әнуар Шотбай өзінің партия алдындағы қызметін тарихи «Алаш» партиясының рухани жалғасы сипатында жалғастыратынын айтты. Әнуар Шотбайдың әріптесі Қуат Күнболат та өзінің сөзінде мақсаты елге қызмет ету болып табылатынын мәлімдеді. Партиялас серіктерінің ойы көп жағдайда бір жерден шығып жатқаны көңілінде ризашылық сезімін туғызатынын білдірді. Оның тиянақты құрған ойлы лебіздеріне партия мүшелері ризашылық танытты.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны өзіндік бағыт-бағдары үшін жан-жүрегімен қолдайтынын білдірген тағы бір жас Мәди Омаров өзінің либералдық көзқараста қалатынын білдірді. Солай бола тұра, Мәди Омаров бір топ жас замандастарының сапында партия қатарына өтті. Жастарға Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның мүшесі екендігін білдіретін құжат тапсырылды.
– Өркениетті елдің болашағы – сіздерсіздер! Туған еліміздің болашағы үшін, жарқын келешегі үшін күресте бірге болайық, жеңіске бірге жетейік! – деді төраға партия қатарына келіп қосылған жастар легін шын жүректен құттықтап.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Әлем чемпионаты: Бүгін кімдер ойнайды?
Спорт • Бүгін, 19:15
Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04