АҚТӨБЕ. 23 ақпан. Ақтөбе қаласындағы «Мәдениет» сауда үйіндегі «Алтын адам» киімдері сатылатын орын ашылды. Отандық өнімдер ілінген бутиктің салтанатты ашылу салтанатында қала әкімі Бекбол Сағын мен облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов лента қию рәсімін жасап, сөрелердегі тауарларды көріп шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазақстандық дизайнер Айжани Нұрланова қала әкіміне отандық өнімдерді таныстырып, Астанадан Ақтөбеге қатынау қиын болғандықтан, өнімнің жаңа үлгісін емес, бұрынғы үлгілерін әкелуге тура келгенін, алдағы уақытта тауарлардың түрлері толықтырылатынын айтты. Отандық өнімдердің бағасы кім-кімге де қолжетімді болмақ. Ер-азаматтарға арналған костюм-шалбарлар 30-60 мың теңге шамасында.
Сауда орнында «Алтын адам» отандық брендінің костюм-шалбарларынан басқа, ер-азаматтардың көйлектері, сондай-ақ, Қарағандыда дайындалған аяқ киімдер сатылуда. Әзірге сауда орнында үш адам жұмыс істейді. Егер ақтөбеліктер тарапынан отандық өнімге деген сұраныс жоғары болып жатса, болашақта облыс орталығынан «Алтын адам» фабрикасы өндірген өнімдер сатылатын жеке дүкен ашу ойластырылуда.
«Алтын адам» фабрикасының өкілдері Ақтөбеде сауда орнын ашып қана қоймай, қаладағы бірқатар оқу орындарындағы дизайнер мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге, сондай-ақ, кәсіп ашуға ниетті адамдарға арнай дәріс оқып, бизнес-коучинг ұйымдастыруды да қарастыруда.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47
Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:28
Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ бергені үшін бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 15:19
Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21