АЛМАТЫ. 23 ақпан. «ЕуроХим» Қазақстанда шығарылған өнімін алғаш рет Беларусьқа жеткізді. Бұл туралы Қазақстан баспасөз клубына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазақстанда өндірілген фосфор ұнтағы қазірдің өзінде Краснодар өлкесіндегі «ЕвроХим-БМУ» кәсіпорнына жеткізіліп, онда «Еурохим» компаниясының Ковдор тау-кен байыту комбинатында өндірілетін апатит концентратының 30 пайызға дейінгі мөлшері бар қоспада қолданылып келеді.
Келісімшарт аясында «Еурохимнің» Гомель химиялық зауытымен бұрыннан бері келе жатқан жемісті ынтымақтастығы жалғасын табуда. Кәсіпорынның «Еурохим» өнімінен дайындалып, құрамында күкірт пен микроэлементтері бар NPK тыңайтқыштары Шығыс Еуропа елдеріндегі, Беларусь, Украина және Молдовадағы ауылшаруашылық өнім өндірушілерінің жоғары бағасын алып, үлкен сұранысқа ие.
«Еурохим» компаниясы Гомель химиялық зауытымен бірге өткізу нарығында да ынтымақтастық құрып отыр, атап айтқанда, зауытта өндірілген 100 мың тонна өнім жыл сайын «Еурохимнің» ТМД елдеріндегі дистрибуция желісі арқылы өткізіледі.
«Еурохим» Қазақстандағы инвестициялық жобасын жүзеге асыру аясында кенді бастапқы қайта өңдейтін өндірісі мен кенішінің құрылысын аяқтаған. Жалпы құны 120 миллион долларды құрайтын аталған кәсіпорын фосфор ұнтағын шығаруды бастап кеткен. Сондай-ақ, 2016 жылы «Еурохим» бағаланған инвестициялық құны 950 млн. долларды құрайтын химиялық кешенді салуға кіріспек.
Еуразия Экономикалық Одағы аясында интеграциялық байланыстар мен өндірістік және өткізу нарығындағы серіктестік дамытылуда.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: Қазақстан баспасөз клубы.

Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47
Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:28
Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ бергені үшін бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 15:19
Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21
Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27