Кеше Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлері «Біз неге сайлауға баруға тиістіміз?» тақырыбында азаматтық тыңдау өткізді.
Партияның сайлауалды штабының төрағасы Асхат Рахымжанов өз сөзінде күн тәртібінде екі мәселе бар екендігін, басқосуды екінші мәселеден бастауды жөн көріп отырғандығын жеткізді. Біз сайлауға қатысушы кез келген саяси партиямен пікірсайысқа түсуге әзір екендігімізді мәлімдейміз, деді Асхат Нұрмағамбетұлы.
Мәжіліс депутаттығынан үміткер Уәлихан Қайсаров сайлау кезінде саяси партиялардың тұғырнамалары жұртшылықтың қызығушылығын тудыратынын айтты. Билікке ұмтылған саяси партиялардың бағдарламасынан хабардар болу заңдылық. Қазақстандықтардың бұл жағынан белсенділігі жоғары. Ашық пікірталастың болуы бұқараның да ықыласын тудырады. Сондықтан біз кез келген түрдегі, кез келген тақырыпқа орай пікірталасқа дайынбыз, деді ол.
Одан әрі қарай шешендер азаматтық тыңдаудың күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Біз неге сайлауға баруға тиістіміз?» деген тақырып аясындағы әңгімеге ойысты. Мәжіліс депутаттығынан үміткер Жанкелді Шымшықов: «Біздің партия сайлауға жеке өзінің мүшелері арқылы ғана қатысып отырған жоқ. Ұлттық азаматтық жиналыспен коалиция ретінде, яғни «Желтоқсан» қоры, «Парламентаризм» қоры, «Семей полигон» қоры, қысқасы, 10 азаматтық бірлестікпен бірге коалиция ретінде қатысуда. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия осылайша азаматтық қоғамды қалыптастыратын үкіметтік емес ұйымдарды өз партиялық тізімі қатарына қосып, ауқымды іске бастамашы болды», деді.
Ж.Шымшықов одан әрі қарай экономикалық дағдарысқа қатысты өз тұжырымдарын ортаға салды. Бүкіләлемдік банктің болжамдарына сүйене отырып, 2016 жылдың экономикалық ахуалына тоқталды. Әлемдегі экономикалық өсім орташа алғанда 3 пайыздың төңірегінде болады деп болжанып отыр. Ал Үндістан, Қытай, Еуропа елдеріндегі экономикалық өсімнің баяулағаны да белгілі.
Көршіміз Ресейде экономикалық көрсеткіш төмендейтінін жеткізді. Украинаның да жағдайы мәз емес, мешін жылы, Әлемдік банктің болжамына қарағанда, Қазақстан экономикасы үшін де жайлы жыл болмайтын түрі бар. Ұлыбританияның, АҚШ-тың беделді сарапшыларының пікіріне қарағанда, 1998 жылдан кейін алғаш рет Қазақстан экономикасының өсімі төмендейтін көрінеді. Сөзінің соңында ол қалыптасқан экономикалық дағдарысқа байланысты ел үкіметі нақты шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.
Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48