АСТАНА. 24 ақпан. Фиджи аралдарында соққан тропикалық «Уинстон» дауыл желінің салдарынан қаза тапқандар саны 42 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Метеорологтар жойқын дауылдың жылдамдығы 325 шақырымды құрағанын, ал мұхит толқындарының биіктігі 12 метрге дейін көтерілгендігін анықтады. Циклонның ең жоғарғы көрсеткіші 5 дәрежесі тіркелді. Мамандар Фиджи тарихында бұрын-соңды мұндай табиғат апатының болмағанын айтты.
Фиджидің премьер-министрі Вореке Баинимарама циклонның салдарынан көптеген тұрғын үйлердің қирап қалғанын мәлімдеді. Соңғы мәліметтер бойынша, 13 мыңнан астам адам баспанасыз қалған. Олар қазіргі кезде арнайы орындарда күнелтіп жатыр. Мемлекеттің 70 пайызы орналасқан Вити-Леву аралында мынан аса үй қирап қалған болса, 60 мектепке зақымданған.
«Уинстон» көптеген елді-мекендерді жермен-жексен етті. Апат болған аймақтарда көбіне төменгі аудандардың халқы зардап шекті. Адам шығыны әлі де артуы мүмкін деген болжам бар.
Фиджи Республикасы Тынық мұхитының оңтүстігінде орналасқан 300-ге жуық аралдардан құралған мемлекет. Алайда оның жүзге жуығында ешкім тұрмайды. Халқының саны 890 мың. Аумағы 18333 шаршы шақырым.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ТАСС.
• 24 Ақпан, 2016
Фиджи аралдарында табиғат апатынан 42 адам қаза тапты

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10