үш күнде отбасына аман-есен қайта оралды
Бүкіл ел алаңдаған оқиғаның соңы жақсылықпен аяқталып, Мұхаммед аман-есен табылды. Арыс қаласынан табылған бала бүгінде өз үйіне жеткізілді. Ата-анасы, бауырларының қуанышында шек жоқ.
«Өзімдегі қуаныш сезімді жеткізуге ешқандай сөз таппаймын, – дейді ұлын құшағынан айырмай жүрген анасы Жанна Ағабекова. – Мұхаммед жоғалып кеткенде, барлық қазақстандықтардан қолдау көрдік. Ағайын-туыс, ерікті азаматтар полицейлермен бірігіп, іздеуге шықты. Бәріне, бәріне мың алғыс айтамыз. Балам осы уақытта ұрлаған әйел және оның ерімен бірге тұрыпты. Ешқандай зәбір көрмеген. Бірақ аздап қорқып қалғандығы байқалады.
Баланы мектептен шыққан бетінде алдаусыратып алып кеткен әйелдің жаңа деректері шығып жатыр.
– Кеше Арыс қаласының тұрғыны қоңырау шалып, фотороботта көрсетілген әйелдің тұрғын жайын хабарлады, – деді осы оқиғаға орай ұйымдастырылған брифингте криминалды полицияның басқарма басшысы Кенжебек Оңдасынов. – Нұсқау бойынша, бала мен оны ұрлаған азаматшаны тез таптық. Баланы қалай алаңсыз ертіп кеткені белгісіз, өйткені, ұрлағанға дейін атын білмеген.
1956 жылы туған күдікті әйел бұрын сотталмаған екен. Бірақ тергеу кезінде оның тағы бір бала ұрлығына қатысы болғаны анықталған. Ол 2013 жылы Шымкент қаласы Абай ауданындағы мектептен алты жасар қызды алдап әкетіп, ұсталып қаларын білген соң он күннен кейін қайта әкеліп тастаған. Өмірәлі Нұрай есімді бүлдіршін көше кезіп жүрген жерінен табылған.
Тергеу кезінде күдікті әйелдің отбасы, балалары, тіпті, немерелері бары анықталған. Ол өзінің ұрлығын балаларды жақсы көретіндігімен түсіндіргісі келеді. Қазіргі таңда облыстық ішкі істер департаменті оған ақыл-есінің дұрыстығы жөнінен сараптама тағайындады. Бұрын психикалық ауытқу есебінде жоқ әйел күйеуімен жеке үйде тұрады екен. Ержеткен ұл-қызы Шымкентте үйлі-жайлы.
Қазір ол кінәсін толық мойындап отыр. Екі рет бала ұрлығына қатысты әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» 125-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер қылмысы толық дәлелденсе, ол кемінде 7-12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалды
Спорт • Бүгін, 16:58
Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:54
Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
Алматы • Бүгін, 16:49
ChatGPT мен AliExpress компаниялары Қазақстан бюджетіне салық төледі
Экономика • Бүгін, 16:26
«Грантқа түсіремін»: Астанада 111 адамды алдаған алаяқ сотталды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47
Астанада қыз баланы құтқарып қалған екі азамат марапатталды
Оқиға • Бүгін, 15:39
Президент: Әрбір өркениетті елдің өсіп-өркендеуі үшін сот жүйесінің маңызы зор
Президент • Бүгін, 15:25
Астанада ТМД елдері қарулы күштері штаб бастықтарының отырысы өтті
Әскер • Бүгін, 15:21
Павлодар облысында 34 млн теңгеге жөнделген көпір суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:10
Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ
Теңге • Бүгін, 14:59
Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
Оқиға • Бүгін, 14:44
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін марапаттады
Президент • Бүгін, 14:23
Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:18