Балуан Дәулет Ниязбеков Азия чемпиондығы атағын қорғап қалды
Таиланд астанасы – Бангкок қаласында күрес түрлерінен кезекті Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінен 75 кило салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған балуанымыз Досжан Қартықов құрлық чемпионы атанғанын бұған дейін хабарлаған едік. Соңғы күн де Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды. Атап айтқанда, еркін күрестен 61 кило салмақта сынға түскен Дәулет Ниязбеков қоржынға алтын медаль салды. Осылайша, ол қатарынан екінші рет өз салмағында Азияның мықтысы атанып отыр.
Отандасымыз алғашқы белдесуінде Сирия сенім артқан балуанды 10:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда дәл осындай есеппен Қытай спортшысынан басым түсті. Ал финалда ирандық Бехнам Ихсанпурмен күш сынасты. Әр әдісін ақылға салып жасаған балуанымыз оны да 10:0 есебімен ұтып, айқын басымдық танытты. Осы ретте Дәулеттің былтыр Дохада өткен Азия чемпионатының шешуші белдесуінде де дәл осы Иран балуанымен кездесіп, жеңіске жеткенін атап өткен жөн.
Құрлық біріншілігінің жалпы қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар 17 медальға қол жеткізді. Нақты айтар болсақ, грек-рим күресінен – 1 алтын, 1 күміс, 4 қола, әйелдер күресінен – 3 күміс, 2 қола, ал еркін күрестен 1 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде қоржынға түсті. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы мүмкін болған 240 ұпайдан 167 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Бұл тізімде 2-орынға 144 ұпаймен Иран құрамасы жайғасса, үздік үштікті 138 ұпай жиған Қытай командасы түйіндеді.
Тағы бір айта кететін жайт, балуандарымыздың Бангкоктегі табысы құраманың соңғы 23 жылдағы ең жоғары жетістігі ретінде тіркелді. Осы уақыт аралығында құрлық біріншілігінде мұндай нәтиже көрсетпеген Қазақстан былтырғы Азия чемпионатында 12 медальмен шектелген болатын.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалды
Спорт • Бүгін, 16:58
Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:54
Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
Алматы • Бүгін, 16:49
ChatGPT мен AliExpress компаниялары Қазақстан бюджетіне салық төледі
Экономика • Бүгін, 16:26
«Грантқа түсіремін»: Астанада 111 адамды алдаған алаяқ сотталды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47
Астанада қыз баланы құтқарып қалған екі азамат марапатталды
Оқиға • Бүгін, 15:39
Президент: Әрбір өркениетті елдің өсіп-өркендеуі үшін сот жүйесінің маңызы зор
Президент • Бүгін, 15:25
Астанада ТМД елдері қарулы күштері штаб бастықтарының отырысы өтті
Әскер • Бүгін, 15:21
Павлодар облысында 34 млн теңгеге жөнделген көпір суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:10
Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ
Теңге • Бүгін, 14:59
Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
Оқиға • Бүгін, 14:44
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін марапаттады
Президент • Бүгін, 14:23
Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:18