Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша құрылыс көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда, бірнеше есеге артатын болады. Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің тиімділігіне оң баға беріп, кредиттік тұрғын үй құрылысына 149 млрд.теңге бөлуді тапсырды. Аталған қаражат 814 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді.
Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, айтылған тұрғын үйлер саны шамамен 14 мың пәтерді құрайды. Айтар болсақ, 22 млрд.теңгесі банктің салымшыларына несие беруге бағытталса, қалған 127 млрд.теңгесі әлеуметтік тұрғын үй салу мақсатында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне бөлінеді. Қаржы екі бағытқа – жергілікті атқарушы органдарға 67 млрд.теңге және «Бәйтерек девелопмент» АҚ-қа 60 млрд.теңге көлемінде аударылатын болады.
Сонымен қатар, «Бәйтерек девелопмент» АҚ желісімен сатылған пәтерлер толығымен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына тапсырылмақ. Ал, жергілікті атқарушы органдар желісімен қаржыландырылған тұрғын үйді алушылардың кем дегенде 50 пайызы әкімдік кезегіндегі азаматтар болады.
Бұдай былай болашақ баспананы жобалау кезеңінде банк пен оның тұтынушыларының ұсыныстары ескерілмек. Әр шаршы метрдің құны мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін нақтыланады, десек те «Бәйтерек девелопмент» АҚ желісі бойынша әр шаршы метр үшін өңірлердегі баға 180 мың теңгеден аспайды. Бұл баға Алматы мен Астана қалаларында 200 000 теңге көлемінде болады. Ал, жергілікті атқарушы органдар желісімен бекітілген бір шаршы метрдің бағасы – өңірлерде 140 000 теңге болса, Астана мен Алматы қалаларында 180 000 теңгені құрамақ. Және де биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ауданы 459 000 шаршы метр баспананы салымшыларына тапсырады. Тұтастай алғанда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен шамамен 21 000 пәтер пайдалануға берілетін болады.
Бұл ретте үстіміздегі жылдың жоспарларын бірқатар атап өткен банк басшысы өткен жылдың тұрғын үй мәселесінде нәтижелі болғандығын алға тартты. 2016 жылдың қаңтарындағы есеп бойынша ҚТҚЖБ 49,7% үлесімен барлық екінші деңгейлі банктер арасындағы теңгемен ашылған депозиттер нарығында үздіктер қатарында тұр. Өткен жылдың қорытындысына келер болсақ, банктің құрылысқа және тұрғын үй алуға берілетін несие нарығындағы үлесі 75%-ға жетті. Сонымен қатар, проблемалы несиелер үлесі 0,36%-ды құрады. Бұл басқа ЕДБ-лер арасындағы ең төмен көрсеткіш болып отыр.
Сондай-ақ, 2015 жылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін таңдап, ҚТҚЖБ-да депозит ашқан салымшылардың саны 224 703-ті құрағанын көлденең тартқан А.Жұмағұлов қазіргі таңда банктің 601 423 қолданыстағы депозиттері бар екендігін жеткізді.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан».

«Грантқа түсіремін»: Астанада 111 адамды алдаған алаяқ сотталды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47
Астанада қыз баланы құтқарып қалған екі азамат марапатталды
Оқиға • Бүгін, 15:39
Президент: Әрбір өркениетті елдің өсіп-өркендеуі үшін сот жүйесінің маңызы зор
Президент • Бүгін, 15:25
Астанада ТМД елдері қарулы күштері штаб бастықтарының отырысы өтті
Әскер • Бүгін, 15:21
Павлодар облысында 34 млн теңгеге жөнделген көпір суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:10
Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ
Теңге • Бүгін, 14:59
Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
Оқиға • Бүгін, 14:44
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін марапаттады
Президент • Бүгін, 14:23
Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:18
Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы «қарызын» өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Президент бала өмірін арашалап қалған дәрігерлердің еңбегін үлгі етті
Президент • Бүгін, 14:00
Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды
Медицина • Бүгін, 13:50
Астана медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі
Медицина • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін көтерді
Президент • Бүгін, 13:37