25 Ақпан, 2016

Сынақ

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының әскери қызметшілері дабыл бойынша көтеріліп, далалық лагерьге жол тартты Кеше Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша «Айбалта – 2016» оқу-жаттығуы шеңберінде Қорғаныс министрлігі мен Қа­рулы Күштер Бас штабының департаменттері және бас бас­қар­малары дабыл бойынша көтерілді. – Бұл іс-шара стратегиялық деңгейдегі басқару органдарын даярлаудың құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан «Айбалта – 2016» оқу-жаттығуы аясында бізге әскерлерді басқару мәселелерін шынайы пысықтауға тура келеді, деді Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. Әскери қызметшілерге арнал­ған сабақтар екі күнге созылады. Жеке құрам далалық жағдайда жұмыс жасайды. Әскерлерді жедел басқару үшін әскерлерді автоматтандырылған басқару эле­менттері бар командалық-штаб­тық машиналарды, палаткаларды, далалық ас үйлер мен автономды электр агрегаттарын қолдана отырып, жауынгерлік қызметті қамтамасыз етудің барлық элементтері бар басқару пункттері қимыл-қозғалысқа келтірілді. Сабақтар барысында бас­қа­ру пункттерімен штабтық жат­тықтыру өткізіледі. Офи­церлер мен генералдар штаттық атыс қаруынан оқ атады, 5 шақырымға шаңғымен жүгіруден нормативтер тапсырады. Осыған байланысты 83205-әскери бөлімінің әскери қызметшілері жылуы бар палаткалар орнатты. Далалық қалашықта әскерилердің тамақтануын ұйым­дастыру үшін барлық қажет­ті жағдай жасалған. Онда сани­тарлық кешен де бар, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.