25 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

315 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
29-12-2015-Elbasy-Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы №1093 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаулы етемін:
  1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриі туралы ереже осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы №1093 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №60, 589-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережеде: 15-тармақта: мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындарды бөлу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына енгізу;»; мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын: «24-1) судьялыққа кандидаттардың ақысы төленетін тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға мониторинг жүргізу;».
  1. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2016 жылғы 22 ақпан. № 201 –––––––––––––––––– Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 201 Жарлығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң) сәйкес судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуінің шарттары мен тәртібін белгілейді. 2. Судьялыққа кандидаттың (бұдан әрі – тағылымдамашы-кандидат) тағылымдамадан өтуінің негізгі міндеттері жергі­лікті соттарда жұмыстың ерекшеліктерін зерделеу, судья лауа­­зымындағы жұмыс үшін қажетті практикалық және ұйым­дас­тырушылық дағдыларды игеру болып табылады. Тағылымдамадан өту тағылымдамашы-кандидаттың іскер­лік, кәсіби және адамгершілік қасиеттерін зерделеу және оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективасын айқындау мақсатында жүзеге асырылады. Тағылымдамашы-кандидаттың тағылымдамадан өтуі негізгі жұмыс орнынан қол үзе отырып, тұрақты негізде жүзеге асы­рылады. Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамашы-канди­датқа еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпте жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі. Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамашы-канди­датқа 1 жылға дейінгі еңбек өтілі бар аудандық және оған теңестірілген сот судьясы лауазымдық айлықақысының 70%-ы мөлшерінде жалақының белгіленген сомасы төленеді. 3. Конституциялық заңда көзделген теріс себептер бойынша судья лауазымынан босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемінде бес жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және жұмыстан босатылған күннен бастап төрт жылдың ішінде қайтадан судья лауазымына орналасуға ниет білдірген адамдардың тағылымдамадан өтуі талап етілмейді. Мамандандырылған магистратурада оқуды аяқтаған адамдардың оқуды аяқтаған күннен бастап төрт жыл ішінде тағылымдамадан өтуі талап етілмейді. 4. Тағылымдамадан өтудің жалпы мерзімі бір жылды құ­райды, оның ішінде он бір ай – аудандық және оған теңес­тірілген сотта (бұдан әрі – аудандық сот), бір ай – облыстық және оған теңестірілген сотта (бұдан әрі – облыстық сот). Тағылымдамашы-кандидат ұзақтығы екі айдан артық еңбекке жарамсыз болған жағдайда, облыстық соттың төрағасы тағылымдаманы тоқтатады. Осы Ереженің 26-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тағылымдамашы-кандидаттың өтініші бойынша облыстық соттың төрағасы белгіленген мерзімі өткенге дейін тағылымдаманы тоқтатады. Кейіннен тағылымдамашы-кандидат жалпы негіздерде тағылымдамадан өтуге жіберілуі мүмкін. 2. Тағылымдамашы-кандидатқа қойылатын талаптар 5. Тағылымдамадан өтуге: 1) жиырма бес жасқа толған; 2) жоғары заң білімі бар, моральдық-адамгершілік қасиет­тері жоғары, мінсіз абыройы және әдетте, кемінде бес жыл сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде не заң мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар; 3) қолданылу мерзімі өтпеген біліктілік емтиханын тап­сырған (оның ішінде шамамен болжанатын тағылымдама аяқталғанға дейінгі мерзімі өтпеген); 4) медициналық тексеруден өткен және судьяның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі болатын аурулардың жоқтығы расталған Қазақстан Республикасының азаматы жіберіледі. 3. Тағылымдамадан өтудің шарттары мен тәртібі 6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы жыл сайын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысы ұсыныстарының негізінде жергілікті соттарда тағылымдамадан өтуге бос орындарды бөлуді жүзеге асырады. Тағылымдамадан өтуге арналған орындар облыста, Астана және Алматы қалаларында судьялардың болжанатын бос орындарының саны негізінде, бірақ әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін кемінде үш орыннан бөлінеді. Судья лауазымына кандидаттар бос орындарды бөлуге сәйкес тағылымдамаға қабылданады. Тағылымдамадан өту судья лауазымына кандидаттың тұратын жері бойынша тіркелген облыс, Астана және Алматы қалалары аумағындағы жергілікті соттарда жүзеге асырылады. Тұрғылықты жері бойынша тағылымдамадан өту үшін бос орындар болмаған жағдайда, кандидат бос орын болған кезде тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен басқа облыстық сотқа жүгінуге құқылы. 7. Жергілікті соттарда тағылымдамадан өту үшін бос орын­­дар туралы хабарламаны тағылымдамадан өтуге рұқ­сат алу туралы өтініштерді қабылдаудың басталуынан ке­мін­де бір ай бұрын қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Рес­пуб­­ликасының барлық аумағында таратылатын, сондай-ақ Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың интер­нет-ресурсында уәкілетті орган жариялайды. 8. Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адам хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзімі ішінде облыстық соттың төрағасына тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуі тиіс: 1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ; 2) өмірбаян; 3) диплом мен оның қосымшасының көшірмелері; 4) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшірмесі; 5) соңғы жұмыс орнынан алынған қызметтік мінездеме; 6) судьяның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі бола­тын аурулардың жоқтығын растайтын медициналық куә­лан­дырудан өткені туралы құжат. Өтінішке оның кәсіби білімінің деңгейін сипаттайтын құжаттарды да (ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілгені, арнайы курстарды аяқтағаны туралы тиісті құжаттардың көшір­мелері) қоса тіркеуге болады. Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген тұлға құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, кемшіліктерді жою үшін он күн мерзім беріледі. 9. Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш біл­дірген адамдар туралы ақпаратты өтініштер қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мер­зімді баспа басылымдарында, сондай-ақ тиісті облыстық сот­тың интернет-ресурсында жариялайды. Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш берген адамның іскерлік және адамгершілік қасиеттерін сипаттайтын мәліметтер келіп түскен кезде оларға тексеру жүргізіледі, оның нәтижелері тағылымдама өтуге рұқсат беру туралы мәсе­лені шешу кезінде және жалпы отырыста тағылымдама қоры­тындысы қаралған кезде ескеріледі. 10. Тағылымдамадан өтетін адамдарды іріктеу облыстық сот төрағасының облыстық соттың судьялары қатарынан құрған Тағылымдаманы өтуге адамдарды іріктеу жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – комиссия) жүктеледі. Комиссияның құрамына орнынан түскен судьялар енгізілуі мүмкін. Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініштерді қабыл­дау тәртібін, комиссияларды құру мен оның жұмыс істеу тәртібін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді. Комиссия отырысы ашық және жария түрде өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдардың, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы. Тағылымдамадан өтетін адамдарды іріктеу мынадай өлшем­шарттар: 1) сот ісін жүргізуге қатысуға тікелей байланысты заң ма­ман­­­дығы бойынша үлкен жұмыс өтілінің болуы; 2) біліктілік емтиханын тапсыру нәтижелері бойынша; 3) ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы; 4) тағылымдамадан өту іріктеуіне екі немесе одан да көп рет қа­тысуы; 5) жоғары білімі туралы дипломның орташа бағасының нәти­желерін ескеру негізінде жүзеге асырылады. 11. Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы адамның өтінішін қараудың нәтижелері бойынша комиссия: 1) адамға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы; 2) адамға тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту ту­ралы шешімдердің бірін қабылдайды. Комиссияның тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы оң шешімін алған адамдар туралы ақпаратты аумақтық бөлімше тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ тиісті облыстық соттың интернет-ресурсында жариялайды. 12. Облыстық соттың төрағасы осы Ереженің 11-тармағының 1) тармақшасы негізінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік мамандандыру бойынша міндетті тағылымдамадан өту үшін өкіммен аудандық сотты не мамандандыру болған жағдайда – аудандық соттарды белгілейді. Облыстық сот төрағасының өкімімен тағылымдама үйлес­тірушісі – облыстық соттың судьясы (бұдан әрі – тағылымдама үйлестірушісі) тағайындалады, оған тағылымдамашы-кандидаттардың тағылымдаманың барлық кезеңдерінен өтуін жалпы үйлестіру мен бақылау жүктеледі. 13. Аумақтық бөлімше басшысы, тағылымдамашы-кандидат және оның жұмыс берушісі арасында тағылымдамадан өту туралы келісім жасалады. Егер тағылымдамашы-кандидат еңбек қатынастарында бол­маса, тағылымдамадан өту туралы келісім аумақтық бөлім­­ше бас­шысы мен тағылымдамашы-кандидат ара­сын­да жа­салады. Тағылымдамадан өту туралы келісімде: 1) тараптардың атауы; 2) тараптардың құқықтары мен міндеттері; 3) тағылымдамадан өту орны; 4) тағылымдамадан өту шарттары мен тәртібі қамтылуы тиіс. Тағылымдамадан өту туралы үлгілік келісімді уәкілетті орган бекітеді. 14. Тағылымдамадан өтуге адамға рұқсат беруден бас тарту дәлелді болуы тиіс. Тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден мынадай: 1) адамның моральдық-этикалық бейнесін теріс жағынан сипаттайтын нақты мәліметтер болған; 2) Конституциялық заңда көзделген теріс себептер бо­йын­ша судья лауазымынан босатылған, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңында, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңында және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңында көзделген теріс себептер бойынша құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан немесе өзге де мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығарылған, сондай-ақ 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 13), 14, 15), 17), 21) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өзге де адамдар жұмыстан шығарылған; 3) медициналық куәландыру нәтижелері бойынша судьяның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі болатын ауруы болған; 4) Конституцияға және Конституциялық заңға сәйкес судьялыққа кандидаттарға қойылатын өзге де талаптарға сәйкес келмеген; 5) Ереженің 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған (толық ұсынбаған) не дұрыс емес деректер ұсынған жағдайда бас тартылады. 15. Тағылымдамадан өту тағылымдамашы-кандидаттың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекіткен Судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуінің үлгілік бағдарламасына сәйкес жасалған тағылымдамадан өтудің жеке жоспарына енгізілген іс-шараларды орындауын қамтиды. 16. Жеке жоспарды облыстық соттың төрағасы тиіс­ті аудандық сот төрағасымен және тағылымдама үйлесті­руші­сімен келісім бойынша бекітеді. Жеке жоспарға кейін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, ол туралы тағылымдамашы-кандидат үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі. 17. Тағылымдамашы-кандидат аудандық сотқа келген кез­де сот төрағасы судьялардың арасынан тағылымдама жетек­шісін – аудандық соттың судьясын (бұдан әрі – тағылымдама жетекшісі) не осы соттың ішінде мамандандыру бар бол­ған кезде тағылымдама жетекшілерін тағайындайды. Тағы­лымдама жетекшісі болып кемінде 5 жыл судьялық жұмыс өтілі бар судья тағайындалады. Аталған сотта көрсетілген талапқа сәйкес келетін судья болмаған жағдайда, одан аз судьялық жұмыс өтілі бар судьяны тағылымдама жетекшісі етіп тағайындауға болады. Облыстық сотта тағылымдамадан өткен кезде облыстық сот төрағасы тағылымдама жетекшісін облыстық сот судья­ларының арасынан тағайындайды. Тағылымдама жетекшісі: 1) қажетті жұмыс көлемін белгілейді; 2) тағылымдамашы-кандидатқа кәсіби білім деңгейін артты­руға және практикалық дағды алуға көмек көрсетеді; 3) тағылымдамадан өтудің жеке жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді. 18. Тағылымдамашы-кандидат сотта тағылымдамадан өт­кен кезде тағылымдама жетекшісінің қызметін қамтамасыз етуге ба­ғытталған консультанттың – судья көмекшісінің функ­цияларын орындайды, оның ішінде: 1) судьяның өкілеттігін орындауға қажетті құқықтық ақ­па­­рат іздеуді, нормативтік құқықтық актілерді, сот прак­тика­сы­ның материалдарын іріктеуді жүзеге асырады; 2) судьяның іс жүргізуіндегі істер туралы ақпаратты әзір­лейді; 3) істерді сот талқылауына әзірлеу бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асырады; 4) процестік құжаттардың жобаларын әзірлейді; 5) судьяның қарауына келіп түскен азаматтық сот ісін жүргізу шеңберіндегі арыздарды (талап арыздарды) зерделеу­ге, қылмыстық іс жүргізу шеңберіндегі істерді (материалдарды), шағымдарды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер мен олар бойынша шағымдарды зерделеуге қатысады; 6) Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында көзделген іс-әрекеттер жасау туралы судьяға ұсыныстар береді; 7) істерді қараудың процестік мерзімдеріне мониторингті жүзеге асырады; 8) судьяның іс жүргізуіндегі істер бойынша өтініштер мен сұрау салуларға жауап жобаларын әзірлейді; 9) тағылымдамадан өту міндеттерінен туындайтын өзге де функцияларды орындайды. 19. Тағылымдаманы өту туралы келісім сақталмаған жағ­дайда, сондай-ақ осы Ереженің 26-тармағында көз­делген жағдайларда тағылымдама үйлестірушісі дербес не та­ғы­лымдама жетекшісінің ұсынымы негізінде тағылымдаманың қорытындысы жөнінде теріс қорытынды беру туралы ұсы­нымды жалпы отырыстың қарауына мерзімінен бұрын енгізеді. 20. Тоқсан сайын және тағылымдамадан өту қорытындылары бойынша тағылымдамашы-кандидат тағылымдамадан өтуі туралы жазбаша есеп жасайды, онда тағылымдамашының жеке жоспарды және тағылымдама жетекшісінің тапсыр­­ма­ла­рын орындауы көрсетілуге тиіс. Жазбаша есеп­ке тағы­лым­дамадан өту кезеңінде тағылымдамашы-кан­дидат жасаған процестік құжаттардың жобалары қоса тір­келуге тиіс. Тағылымдамашы-кандидаттың тоқсан сайынғы жазбаша есебін тағылымдама үйлестірушісі қарайды. Тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша тағылымдама жетекшілері тағылымдамашы-кандидатқа пікір жазады. Пікірлерді тағылымдамадан өту жүзеге асырылған соттардың төрағалары бекітеді. Пікірде тағылымдамашы- кандидаттың алған практикалық дағдылары мен білімі, процестік құжат­тардың жобаларын жасау сапасы, судья міндеттерін жүзеге асыруға дайындық дәрежесі, еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауы, тағылымдамашы-кандидаттың іскерлік және адамгершілік қасиеттері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Тағылымдама жетекшілері тағылымдамашы-кандидатқа арналған пікірді, тағылымдамадан өтудің жеке жоспарын, оның орындалғаны туралы нәтижелермен бірге және тағы­лымдамашының тағылымдамадан өту қорытындылары туралы жазбаша есебін тағылымдама үйлестірушісінің қарауына ұсынады. Тағылымдама қорытындысы және оларды қарау нәтижелері бойынша тағылымдама үйлестірушісі тағылымдаманы өтудің барлық кезеңдерінің нәтижесіне негізделген ұсынуды он бес күндік мерзімде енгізеді, ол тағылымдаманың басқа да материалдарымен бірге облыстық соттың жалпы отырысының қарауына енгізіледі. 4. Тағылымдаманың қорытындыларын қарау 21. Жалпы отырыс тағылымдама үйлестірушісі ұсыным енгізгеннен кейін бір айдан кешіктірмей тағылымдамашы-кандидаттың есебін тыңдай отырып, тағылымдамашы-кандидаттың тағылымдамасының қорытындыларын қарайды. 22. Тағылымдамашы-кандидаттың тағылымдамасының қорытындыларын қарау нәтижелері бойынша жалпы отырыс тағылымдама қорытындылары туралы оң немесе теріс қорытынды береді, ол көпшілік дауыспен қабылданады және төрағалық етуші оған қол қояды. 23. Тағылымдама нәтижелері туралы жалпы отырыстың қорытындысында мынадай мәліметтер көрсетіледі: 1) қорытынды шығарылған күні мен орны; 2) тағылымдамашы-кандидатқа қатысты ұсыну енгізген тағылымдаманы үйлестірушінің тегі, аты және әкесінің аты; 3) тағылымдамашы-кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, туған жылы, күні, айы, тұрғылықты жері, тағылымдамадан өту кезеңіндегі жұмыс орны; 4) тағылымдамадан өткен соттардың атауы мен тағылым­дамадан өту кезеңі; 5) тағылымдама жетекшілерінің тегі, аты және әкесінің аты; 6) тағылымдамадан өту кезінде орындалған жұмыс көле­мінің қысқаша сипаттамасы; 7) тағылымдамашы-кандидаттың дайындық деңгейінің, көрсеткен қасиеттерінің сипаттамасы және оны сипаттайтын басқа да деректер; 8) судья лауазымында жұмыс істеуге кәсіби, жеке-психо­логиялық және адамгершілік қасиеттері бойынша жарам­дылығы туралы қорытынды; 9) жалпы отырыстың дауыс беру қорытындылары; 10) облыстық сот төрағасының қолы. 24. Судья лауазымына кандидат тағылымдамасының нәтижелері туралы жалпы отырыстың қорытындысын облыстық сот Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне жібереді. 25. Тағылымдама қорытындылары туралы жалпы отырыс­тың оң қорытындысы төрт жыл бойы жарамды болады. 26. Жалпы отырыс тағылымдама нәтижелері туралы теріс қорытындыны мынадай: 1) тағылымдамашы-кандидат іскерлік және кәсіби қасиет­тері бойынша судьялыққа кандидаттарға қойылатын талап­тарға сәйкес келмеген; 2) тағылымдамашы-кандидат беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасаған; 3) тағылымдамашы-кандидаттың моральдық-этикалық бейнесін теріс жағынан сипаттайтын мәліметтер болған; 4) тағылымдамадан өту туралы келісімде белгіленген талаптарды сақтау бойынша міндеттерді орындамаған; 5) медициналық куәландыру нәтижелері бойынша судьяның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі болатын аурулары болған; 6) Конституциялық заңда көзделген теріс себептер бойын­ша судья лауазымынан босатылған, «Құқық қорғау қыз­меті туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаң­тар­дағы Заңында, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңында және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңында көзделген теріс себептер бойынша құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан немесе өзге де мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығарылған, сондай-ақ 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 13), 14, 15), 17), 21) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өзге де адамдар жұмыстан шығарылған жағдайда береді. 27. Тағылымдама нәтижелері туралы теріс қорытынды алған жағдайда тағылымдамашы-кандидат қайтадан тағылым­дамадан өтуге оны алған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін жалпы негіздер бойынша жіберіледі. Осы Ереженің 26-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тағылымдама нәтижелері туралы теріс қорытынды алған жағдайда, медициналық куәландыру нәтижелері бойынша судьяның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі болатын ауруларының жоқтығы кейіннен расталған жағдайларды қоспағанда, тағылымдамашы-кандидат қайтадан тағылымдамадан өтуге жіберілмейді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 201 Жарлығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы№ 643 Жарлығымен бекітілген Сот жюриі туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Осы Сот жюриі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Респуб­ликасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң) сәйкес әзірленді және Сот жюриін қалыптастыру мен оның жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 2. Сот жюриі жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби қызметін бағалау, судьяның орнынан түсу құқығын және оны тоқтатуды растау, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді, тәртіптік істерді қозғау туралы мәселені қарау үшін құрылады. 3. Сот жюриінің мүшелері өз қызметінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Конститу­циялық заңды және осы Ережені ғана басшылыққа алады. 4. Сот жюриінің қызметіне араласуға және оның мүшелеріне ықпал етуге жол берілмейді. Сот жюриінің мүшесі өзінің іс жүргізуіндегі материалдар, қабылданған шешімдер бойынша қандай да бір ақпарат беруге құқылы емес. 2. Сот жюриін қалыптастыру тәртібі 5. Сот жюриінің құрамын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы жасырын дауыс беру арқылы балама негізде үш жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Сот жюриінің құрамына жергілікті соттардың жұмыс істеп жүрген судьяларының қатарынан кандидатураларды облыстық және оған теңестірілген соттардың (бұдан әрі – облыстық сот) жалпы отырыстары ұсынымдарының негізінде енгізеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жұмыс істеп жүрген судьялары мен орнынан түскен судьяларды Сот жюриі­нің құрамына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсынады. 6. Сот жюриінің құрамына ұсынылатын судьялардың кәсіби деңгейі жоғары, жеке беделі мінсіз, қағидатшыл, судьялар қауымы арасында беделді және кемінде он жыл судьялық жұмыс өтілі болуға тиіс. 7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Судья әдебі жөніндегі комис­сияның судья-мүшелері, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің судья және орнынан түскен судья-мүше­лері Сот жюриінің құрамына сайлана алмайды. 8. Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге барлық ұсынылған кандидатуралар енгізіледі. Басқа кандидаттарға қарағанда ең көп дауыс алған кандидат сайланды деп есеп­теледі. 9. Жиналған дауыстар саны бойынша сайланған адамнан кейін тұрған кандидат Сот жюриінің запастағы мүшесі болып есептеледі және кворумның болмауына әкеп соғатын Сот жюриінің мүшелеріне қарсылық білдірілген немесе олар өздігінен бас тартқан жағдайда Сот жюриі мүшесінің міндетін атқарады, сондай-ақ Сот жюриі мүшелерінің біреуі шығып қалған жағдайда өкілеттіктердің қалған мерзімінде Сот жюриі мүшесінің міндетін атқаруға кіріседі. Егер Сот жюриінің мүшесі шығып қалған кезде запастағы мүшелерінің резерві таусылса немесе тиісті сот сатысы бойынша Сот жюриінің запастағы мүшесі болып есептелетін судья басқа сот сатысының судьясы болып тағайындалса, осы Ережеде белгіленген тәртіппен қалған мерзімге қосымша сайлау өткізіледі. 10. Сот жюриі біліктілік комиссиясынан және тәртіптік комис­сиядан тұрады. Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жеті мүшеден – облыстық соттардың екі судьясынан, Жоғарғы Соттың екі судьясынан және орнынан түскен үш судьядан тұрады. Сот жюриінің тәртіптік комиссиясы тоғыз мүшеден – аудандық және оған теңестірілген соттардың (бұдан әрі – аудандық сот) үш судьясынан, облыстық соттардың үш судьясынан және Жоғарғы Соттың үш судьясынан тұрады. 11. Сот жюриінің біліктілік комиссиясы судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүзеге асырады. Сот жюриінің тәртіптік комиссиясы судьяның орнынан түсу құқығын растау және оны тоқтату мәселелерін, сондай-ақ судья­ларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы мәсе­лелерді және тәртіптік істерді қарайды. 12. Ұйымдастыру отырысында Сот жюриі құрамы өзінің мүшелерінің қатарынан көпшілік дауыспен Сот жюриінің төрағасын және комиссияларының құрамын сайлайды. Сот жюриінің мүшесі бір уақытта екі комиссияның мүшесі бола алмайды. Әрбір комиссия құрамы көпшілік дауыспен өз мүшелерінің қатарынан хатшыны сайлайды. 13. Сот жюриінің төрағасы: 1) Сот жюриіне жалпы басшылықты қамтамасыз етеді; 2) Сот жюриі комиссияларының отырыстарын шақырады және Сот жюриі комиссияларының отырыстарында төрағалық етеді; 3) Сот жюриі комиссиялары отырысының күн тәртібін бекітеді; 4) Сот жюриі комиссияларының шешімдері мен хаттамаларына қол қояды; 5) Сот жюриі комиссияларының отырыстарында қарау үшін шығарылатын мәселелерді айқындайды; 6) Сот жюриі комиссияларының жұмысын талдау жасауды және практикасын жинақтап-қорытуды ұйымдастырады; 7) Сот жюриінің атқарған жұмысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысында ұсынады; 8) мемлекеттік, қоғамдық және өзге де органдармен, ұйым­дармен және лауазымды адамдармен қатынастарда Сот жюриі­нің атынан өкілдік етеді; 9) осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асы­рады. 14. Сот жюриінің төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның тапсыруы бойынша төрағаның міндеттерін Сот жюриінің тиісті комиссиясы мүшелерінің бірі атқарады. 15. Сот жюриінің отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі. Сот жюриі біліктілік және тәртіптік комиссияларының отырыстары әрбір комиссия құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болады. Сот жюриінің төрағасы оның мүшелерінің біріне комиссия отырысына төрағалық етуді тапсыра алады. Сот жюриі жұмыс істеген уақытта оның мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отырыс өткізілетін жерге іссапарға жіберіледі және басқа міндеттерді атқарудан босатылады. 16. Сот жюриі комиссия отырыстары мен тексерулерді тиісті өңірлерге барып өткізуге құқылы. 17. Сот жюриі өз құрамынан үш судьяны, оның ішінде орнынан түскен судьяларды да, ротациялау негізінде екі жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанын­дағы Біліктілік комиссиясына жібереді. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясына жіберу үшін кандидаттарды Сот жюриінің төрағасы ұсынады. 18. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясына жіберу туралы Сот жюриінің шешімі оның отырысында дауыс беру арқылы қабылданады және Сот жюриінің дауыс беруге қатысқан мүшелерінің көпшілігі оған дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Жіберу туралы шешім үш жұмыс күні ішінде Қазақ­стан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне жіберіледі. 19. Сот жюриі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын өзінің қызметі туралы жыл сайын хабардар етіп отырады. 20. Сот жюриі мүшесінің міндеттерін атқарудан босату үшін мыналар негіз болып табылады: 1) Сот жюриінің құрамына кіретін судьяның қызметтен босатылуы, судьялық өкілеттіктерінің тоқтатылуы не тоқта­тыла тұруы; 2) Сот жюриі құрамына кіретін, орнынан түскен судья өкілеттіктерінің тоқтатылуы не тоқтатыла тұруы; 3) Сот жюриі мүшесінің судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасауы; 4) Сот жюриі мүшесінің сайланған мерзімінің аяқталуы; 5) өз тілегі бойынша. Сот жюриінің мүшесі міндеттерін орындаудан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысының шеші­мімен босатылады. 3. Жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби қызметін баға­лау жөніндегі материалдарды қарау тәртібі 21. Сот жюриінің біліктілік комиссиясы судьялар корпу­сының сапалық құрамын жақсарту, кәсіби біліктілігінің өсуін бағалау және ынталандыру, істерді қарау кезінде заңдылықты нығайтуға жауапкершілігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметін бағалауды жүргізеді. Судьяның кәсіби қызметін бағалау судья лауазымындағы жұмысының бір жылдағы нәтижелері бойынша бірінші рет жүргізіледі. Кейіннен судьяның кәсіби қызметін бағалау әрбір бес жыл сайын, сондай-ақ жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымдарына конкурсқа қатысу кезінде жүргізіледі. Жиырма және одан да көп жыл судьялық өтілі бар судьялар кәсіби қызметті мерзімді бағалаудан босатылады. 22. Жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби қызметін бағалау оның судья лауазымында үздіксіз болған әрбір келесі бес жылы өткен сайын жүргізіледі. Бұл ретте кәсіби қызметті бағалау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс. 23. Сот жюриінің біліктілік комиссиясына материалдарды: 1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот алқа­ларының төрағалары мен судьяларына, облыстық соттар­дың төрағалары мен сот алқаларының төрағаларына қатысты – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы; 2) облыстық соттардың судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты – облыстық соттардың төрағалары ұсынады. Жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төраға­сының, сот алқасы төрағасының лауазымдарына конкурсқа қатысуға тілек білдірген судья өзі Сот жюриінің біліктілік комис­сиясына материалдарды ұсынады. 24. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, облыстық соттардың төрағалары – кәсіби қызметі бағалануға жататын судьяға, сондай-ақ жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауа­зымдарына конкурсқа қатысуға тілек білдірген судья Сот жюриі­­нің біліктілік комиссиясына: 1) судьяның кәсіби, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне баға берілуге, оның судья әдебінің нормалары мен еңбек тәртібін сақтауы көрсетілуге тиіс қызметтік мінездемені; 2) судья қараған істердің саны мен сапасы, істер санаттары, сот істерін қарау кезінде мерзімі мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі толық талдамалық анықтаманы; 3) судьяның іс-әрекетіне түскен шағымдар мен олардың негіз­ділігі туралы мәліметтерді ұсынады. Судья Сот жюриі біліктілік комиссиясының қарауына ұсы­нылған өзіне қатысты материалмен таныстырылуға тиіс. 25. Сот жюриінің төрағасы нақты материалдар бойынша баяндамашыны және материалдарды қарау күнін белгілейді. Судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүргізу басталғанға дейін Сот жюриінің біліктілік комиссиясы қажет болған кезде қосымша тексеру жүргізуі мүмкін, оны Сот жюриінің төрағасы біліктілік комиссиясы мүшелерінің біріне тапсырады, қосым­ша құжаттар мен материалдар, оның ішінде қаралуы кезінде заң бұзуға жол берілген сот істері сұратылады. 26. Cот жюриі біліктілік комиссиясының қарауына келіп түскен материалдарды қабылдауды, кәсіби қызметі баға­лануға жататын судьяға, сондай-ақ Сот жюриі біліктілік комис­сия­сының мүшелеріне отырыстың өткізілетін күні, уақыты және орны туралы хабарлауды Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және мате­риалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады. 27. Біліктілік комиссиясының отырысында хаттама жүргі­зіледі, онда отырыстың уақыты мен орны, комиссия құрамы, баға­ланатын судьяның тегі, аты-жөні мен лауазымы, комиссия қабыл­даған шешім көрсетіледі. 28. Біліктілік комиссиясының судьяның кәсіби қызметін баға­лау жөніндегі отырысы қызметі бағаланатын судьяның мін­детті түрде қатысуымен өткізіледі. 29. Сот жюриінің біліктілік комиссиясы қызметі бағаланатын судьяның кәсіби білімін, жұмысының тәжірибесі мен сапасын ұсынылған құжаттардың және Сот жюриінің төрағасы бекітетін материалдық және процестік заңнама, cудья әдебі, соттар жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша білімін тексеру нәтижелерінің негізінде анықтайды. Қызметі бағаланатын судьяның адамгершілік қасиеттерін біліктілік комиссиясы оған қатысты ұсынылған материалдар мен оларды комиссия отырысына алдын ала дайындау нәти­жесінде алынған деректер бойынша айқындайды. Судья жұмысының нәтижелері мынадай өлшемшарттардың негізінде қаралады: 1) сот төрелігін іске асыру сапасының көрсеткіштері; 2) судья әдебі нормалары мен еңбек тәртібін сақтауы. 30. Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін бағалау туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады: 1) атқаратын лауазымына сай деп тану; 2) жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына тағайындауға ұсыным жасау; 3) жоғары тұрған лауазымға (жоғары тұрған сот сатысына) кадр резервіне қоюға ұсыным жасау; 4) басқа сотқа, басқа мамандыққа ауыстыруға ұсыным жасау; 5) кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану. Біліктілік комиссиясының осы тармақтың 2) - 4) тармақ­шаларында көзделген шешімдері ұсынымдық сипатта болады. 31. Судьяны кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешім кәсіби қыз­метін мерзімді бағалау кезінде теріс нәтиже алған судьяға қа­тыс­ты қолданылмайды. Бұл жағдайда Сот жюриінің біліктілік комиссиясы судьяның біліктілігін арттыру және бір жыл өткеннен кейін кәсіби қызметіне қайта бағалау жүргізу туралы шешім шығарады. Судьяның кәсіби қызметін қайталап мерзімді бағалаудың нәтижелері теріс болған жағдайда, Сот жюриінің біліктілік комиссиясы судьяны кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешім шығарады. Лауазымға тағайындалған күннен бастап бір жылдың қорытындысы бойынша судьяның кәсіби қызметін қана­ғаттанарлықсыз деп бағалау туралы біліктілік комис­сия­сының шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсынуды Жоғары Сот Кеңесіне енгі­зуіне негіз болып табылады. 32. Сот жюриінің біліктілік комиссиясының шешімінде: 1) Сот жюриі біліктілік комиссиясының құрамы; 2) материалдарды қарау орны және уақыты; 3) кәсіби қызметі бағаланатын судья; 4) Сот жюриінің біліктілік комиссиясы отырысында мате­риалды қарау негіздері; 5) Сот жюриі біліктілік комиссиясының тұжырымдары ту­ралы деректер қамтылуға тиіс. 33. Сот жюриінің біліктілік комиссиясы шешімдерді қоры­тындылар мен хаттамалық шешім нысанында қабылдайды. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда өзіне қатысты материалдар қаралып отырған судьяның жағдайын жақсартатын шешім қабылданды деп есептеледі. Біліктілік комиссиясының мүшесі қабылданып отырған шешіммен келіспеген жағдайда ерекше пікірін жазбаша көрсетуге құқылы, ол біліктілік комиссиясы отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. Судьяны атқаратын лауазымына сай деп тану туралы шешім, жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына тағайындауға, жоғары тұрған лауазымға (жоғары тұрған сот сатысына) кадр резервіне қоюға, басқа сотқа, басқа мамандыққа ауыстыруға ұсынымдар хаттамалық шешім нысанында ресімделеді. Хаттамаға отырыста төрағалық етуші мен біліктілік комис­сиясының хатшысы қол қояды. Сот жюриі біл