«Бірлік» саяси партиясы кеше еліміздің барлық өңіріндегі қоғамдық қабылдау бөлімдерінде «Ашық есік күнін» өткізді. Мәселен, партия өкілдерінің айтуынша, Семей қаласындағы сайлаушылармен болған кездесу барысында саясат алаңына жаңа көтерілген «Бірлік» партиясына деген халықтың ықыласы ерекше болған.
«Олай болатыны, «Ізгі ниет! Адал қызмет! Таза орта!» идеясын мұрат еткен саяси ұйымның басты қағидаты – рухани түлеу, әлеуметтік әділдік және қоршаған ортаны қорғау», – дейді «Бірлік» өкілдері. Ал партия төрағасының орынбасары Болат Байқадамов «Бірліктің» сайлауалды бағдарламасындағы осы іргелі үш мәселе төңірегінде сөз қозғай келе, партия рухани құндылықтарды, халықтың тарихи дәстүрлерін сақтаудың маңызына терең мән беріп, өскелең ұрпақты тәрбиелеп, қалыптастыру барысында осыны бір сәтке естен шығармауға көңіл бөліп отырғанын жеткізді.
Біз өз миссиямызды қиындықтарды еңсеруге қабілетті экономиканы дамытуға, демократия мен құқықтық мемлекетті қалыптастыруға, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің қазіргі заманғы жоғары деңгейіне жету үшін жағдай жасауға бағдар ұстанған саяси бағытты жүзеге асырудан көреміз, деді ол.
Кездесу барысында Болат Байқадамов, сондай-ақ, Абай, Шәкәрім сынды ұлы тұлғаларды дүниеге әкелген Семей өңірінің қазақ даласындағы тарихи-мәдени ошақтардың бірі екендігін тілге тиек ете келе, рухани жаңғырудың партия ұсынған жолдары туралы кеңінен әңгімеледі. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі туралы «Бірліктің» жоспары семейліктерді бейжай қалдырмады. Өйткені, өңірдің экологиялық ахуалы елімізден асып, әлемді толғандырып тұрған күрделі мәселелердің бірі екені аян.
Сондықтан, партия төрағасының орынбасары жергілікті халықтың осыған байланысты ойларын мұқият тыңдап, қоршаған ортаны қоғамның өзі қадағалайтындай тетіктерді жетілдіру, облыстағы өндіріс орындарын экологияландыру, кәсіпорындарды табиғатқа зиянын тигізбейтіндей режімге көшіру секілді өз ұсыныстарын ортаға салды. «Бірлік» партиясы өкілдері, бұған қоса, өздерінің алға қойған мақсаттарын орындау үшін табиғатты қорғаумен айналысатын ұйымдардың басын қосып, үлкен бір қозғалысқа айналдыруды жоспарлап отырғанын да жеткізді.
«Бұл кездесу партияның «Ізгі ниет! Адал қызмет! Таза орта!» деген ауқымы кең ұғымға сыйып тұрған бағдарламалық жоспарының өміршеңдігі мен халыққа қажеттігін тағы бір дәлелдеді», – деді партия өкілдері. Ал кездесу соңында «Бірлік» партиясының өкілдері қаладағы сайлаушылардан түскен сауалдарды қысқа мерзім ішінде қарап, оларды іске асырудың жолдары туралы нақты жауап беретіндіктерін айтты.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
СЕМЕЙ.

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27