Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Жаңа мекемеге жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге бөлінген. 15 адамды жұмыспен қамтыған орталық қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 50 мың теңгені құрайды. Оңалту мекемесінде қимыл-қозғалысы мен ақыл-ойы тежелген 15-17 жас аралығындағы балаларға әлеуметтік медициналық, психологиялық, еңбек және музыка, логотерапия, денешынықтыру мамандары қызмет көрсетеді. Жалпы, аудан бойынша оңалту орталығымен 28 бала қамтылса, Ақжар ауылындағы орталыққа 13 бала қабылданды. Бұл мекеме Ақсуат ауылындағы психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған жартылай стационарлық оңалту әлеуметтік-медициналық орталығының бөлімшесі ретінде ашылғанын айта кетейік.
Оңалту орталығының ашылу шарасына қатысқан аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев Елбасы тапсырмасымен мүмкіндігі шектеулі балалар мемлекет тарапына қамқорлыққа алынғанын, оларға үздіксіз әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің түрлі жолдары қарастырылғанын, соның бірі шалғай өңірлерде оңалту орталықтарының ашылуы болып отырғанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, аудан басшысы орталықты жабдықтауға қол ұшын созған мекемелердің жетекшілері мен кәсіпкерлерге ризашылығын жеткізді. «Бала – бауыр етің» дейді халқымыз. Ешкім баласының жарымжан болуын қаламайды. Бірақ, өмірдің өз заңы бар. Ақжарлықтар жаңадан ашылған орталыққа тарту-таралғыларымен де келіпті. Олардың бірі «Отау-ТВ» спутниктік табағын сыйласа, енді бірі кілем тарту етіп жатты.
– Елбасы Жолдауында атап көрсеткендей, мүмкіндігі шектеулі жандар тек жәрдемақы алып отырмауы керек. Олар да ортаға бейімделіп, қоғамдық өмірден тыс қалмауы тиіс. Бұл ретте келешекте Қазақстанның кедергісіз аймаққа айналуы көзделгенін айта кеткеніміз абзал. Осыған дейін квота алған балалар ірі қалаларға барып емделіп жүрді. Бірақ квота барлық балаға жете бермейді. Сондықтан, төрт қабырғаға қарап жатқан ауыл балаларына бұл орталықтың тигізетін көмегі көп болады, – деді аталған оңалту орталығының меңгерушісі Меруерт Дүйсенова.
Ақсуат пен Ақжардағы оңалту орталықтарының әрқайсысына шағын автобус берілген. Сондықтан, оңалту мекемесіне сол ауылдың балаларынан бөлек, маңайдағы елді мекендердің де емді қажет ететін бүлдіршіндерін көлікпен алып келіп, 6 сағаттан кейін қайтадан үйіне жеткізіп, ата-аналарына табыс етуге жағдай жасалып отыр.
Біз ауыл тұрғыны Динара Кәкімбекованы сөзге тартқан едік. Орталыққа алты жастағы Марғұлан Жеңісбеков есімді бүлдіршінін алып келген ананың айтуынша, баласы екі жыл бұрын инсульт алып, өздігінен жүре алмай қалған және бір қолы жұмыс істемейді. Бір жыл бұрын Астанадағы балаларға арналған оңалту орталығына барып келгеннен кейін, ем-домды тағы да жалғастыруға мүмкіндігі болмаған ана ауыл ішінде оңалту орталығының ашылып жатқанынан үлкен үміт күтетінін айтты.
– Елордаға бару біз сияқты ауыл тұрғынына кәдуілгідей күш. Жол ұзақ. Бала да қажиды. Сондықтан, мемлекетіміздің ауылда күнделікті ем алуға жағдай жасағанына қуаныштымыз. Енді баламыздың денсаулығы жақсарады деген ойдамыз. Мұнда балаларды физикалық тұрғыдан дамытуға қажетті жағдайдың барлығы жасалған екен, – деді Динара Ахметқызы.
Сөз соңында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев Ақжар ауылында биыл жаңа мектеп пен ауыз су жүйесінің пайдалануға берілетінін, сонымен бірге облыс әкімінің тапсырмасы бойынша үштұғырлы тілді дамыту бағдарламасы аясында ағылшын тілін тереңдетіп оқыту орталығы мен ментальды математика мектебі ашылатынын атап өтті.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы.

Батыс Қазақстанда жол өндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38