АСТАНА. 25 ақпан. Қазақстандық спортшы Илья Ильин әлем бойынша 2015 жылдың ең үздік ауыр атлеті атанды. Ол осымен бұл атақты төртінші рет иемденіп отыр. Бұл туралы Дүниежүзілік ауыр атлетика федерациясының (IWF) ресми сайты – iwf.net-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мұндай атақтың иесі аталған ұйымның сайтында дауыс беру арқылы анықталады. Әйелдер арасында ең үздік атлет ретінде Тайбэй спортшысы Сюй Шу-Чиннің есімі аталды. Қос спортшы да екі мыңнан астам дауыс жинап, айқын басымдықпен жеңіске жеткен.
Сонымен қатар, IWF Ильиннің бұл атаққа кезекті рет қол жеткізуіне былтыр Ресейдің Грозный қаласында өткен турнирдегі жарқын жеңісі де себеп болғанын айтуда. Сол сайыста отандасымыз екі бірдей әлем рекордын жаңартып, бүкіл әлемді аузына қаратқан еді.
Айта кетейік, Ильин бұған дейін 2005, 2006 және 2014 жылдың үздігі атанды. Отандасымыз үшін биылғы жылдың басты жарысы Рио-де-Жанейро Олимпиадасы екені белгілі.
Жалпы, Илья Ильиннің осыған дейін қатысқан барлық сайыста тек алтын медаль алып келгені баршамызға мәлім. Басқа жарыстарды айтпағанда, Олимпиаданы екі рет (Бейжің-2008, Лондон-2012), әлем чемпионатын төрт рет (Доха, 2005, Санто-Доминго, 2006, Париж, 2011, Алматы, 2014) жеңіп алған ол бүгінде үшінші Олимпиада алтыны үшін тер төгуде.
Еламан Қоңыр.
Дерек: iwf.net.
Сурет: confederation.kz.

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 21:41
Бурабайда тауда адасқан 9 шетелдік турист құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 21:07
Астананың екі көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі
Инфрақұрылым • Бүгін, 20:37
Министрлік: Қазақстанда ана өлімі 43 пайызға төмендеді
Медицина • Бүгін, 20:17
Тарыдан 50 түрлі тағам: Ақтөбеде Шығанақ Берсиев мұрасын ұлықтаған гастрофестиваль өтті
Дәстүр • Бүгін, 19:55
«Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот қызметінен кетті
Футбол • Бүгін, 19:28
Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 19:05
Қарағандыда екі үндістандық студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 18:52
Түркістан облысында қараусыз қалған ғимараттан 21 жасар жігіттің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 18:30
Алматы мен Варшава арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Туризм • Бүгін, 17:57
Семейде үздік қазақы тазылар анықталды
Оқиға • Бүгін, 17:47
МАГАТЭ басшысы: Қазақстан Иран уранын қабылдауға дайын
Қазақстан • Бүгін, 17:10
Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді
Оқиға • Бүгін, 16:45
Шымкенттік жас түлек 118 шетелдік университеттен шақырту алды
Мектеп • Бүгін, 16:19