25 Ақпан, 2016

Президент Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысымен кездесті

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-02-2016-Elbasy 01АСТАНА. 25 ақпан. Мемлекет басшысы Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Кездесу барысында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысы талқыланды. Қазақстан Президенті Висенте Лоссерталеске алдағы іс-шараны ұйымдастыру мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты. «Сіздің келуіңіздің және жұмысымызға баға беруіңіздің біз үшін маңызы зор. Мен құрылыс пен дайындық барысын үнемі қадағалап отырмын, жұмыс кестесінен кешеуілдеу жоқ. Қазір көрме нысандарын мазмұндық тұрғыдан жабдықтау алдыңғы орынға шықты. Құрылыс жұмыстарын жыл аяғына дейін бітіріп, тікелей ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындықты бастау міндеті қойылып отыр», – деді Мемлекет басшысы. Висенте Лоссерталес дайындық жұмыстары барысымен танысып, ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларының жиналысына қатысу үшін келгенін айтты. «Құрылыс алаңын көргеннен кейінгі керемет әсерімді Сізге жеткізгеніме қуаныштымын. Архитектуралық көзқарас тұрғысынан барлық ғимараттар үйлесімді, ал функционалдық тұрғыдан бәрі ойластырылған әрі ыңғайлы салынуда. Құрылыс кідіріссіз, тіпті кестеден оза жүргізіліп жатыр. Негізгі мазмұндық жабдықтау бағдарламасы өте салиқалы әрі айқын, енді павильондардың ішкі сапалық мазмұны оған жауапты компанияларға байланысты», – деді Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.