Қазақ поэзиясында ерекше орны бар Фариза Оңғарсынованың ескерткіші Атырау қаласындағы Сәтпаев даңғылында бой көтереді. Оның ескерткішінде ақын өлеңдерінің бірнеше шумағы жазылатындығы белгілі болып отыр. «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Фариза Оңғарсыноваға арналған ескерткіш ашылатын болады», – деп мәлім етті Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz. Сурет: azh.kz.