Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев орталық және жергілікті атқару органдарының 2016 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта республиканың су қоймаларында күзгі су тасқынын өткізу үшін сыйымдылық мүмкіндіктері бар. Су тасқынының алдын алу және жою үшін ЖЖМ, инертті материалдар қоры дайындалды, елді мекендерде қар шығару жұмыстары жүргізілуде.
Тасқын суларды гидротехникалық ғимараттардан апатсыз өткізу, өзендер бассейндері учаскелерінде алдын алу іс-шараларын жүргізу мақсатында тасқынға қарсы тиесілі комиссия құрылды.
Қарағанды, Ақмола және басқа да облыстар су тасқынынан зардап шеккен 2015 жылғы наурыз-сәуір оқиғаларының қайталануына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау қажет, деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Осыған байланысты Премьер-Министрдің бірінші орынбасары өңір әкімдіктеріне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп тасқын жағдайына күн сайынғы мониторинг пен бақылау жүргізуді, арнайы және инженерлік техниканы тасқын қаупі бар жерлерге жақын шоғырландыруды, көпірлерді, арық-канал жүйелерін, өзен арналарын, гидротехникалық ғимараттар мен қорғаныс бөгеттерін қар суы мен тасқын сулардың үлкен көлемін өткізуге дайындауды, халықпен елді мекендерді су басып қалу қаупі төнген жағдайда мінез-құлық ережесі бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу ісін ұйымдастыруды тапсырды.

Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 22:50
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 22:30
Шерхан Талап жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 21:56
Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды
Мәдениет • Бүгін, 21:30
Еліміздің байланыс нарығы 380 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 21:00
Қазақстан ғарышты жаңа тәсілмен зерттеуге көшеді
Қазақстан • Бүгін, 20:20
Қазақстан чемпионатының бесінші туры қандай нәтиже көрсетті?
Футбол • Бүгін, 20:00
Қарағандыда шатырдан кірпіш құлап, 3 жастағы бала зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 19:20
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:00
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Бүгін, 18:12
Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
Ғылым • Бүгін, 18:03
Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Елорда • Бүгін, 17:51
Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді
Оқиға • Бүгін, 17:43