«Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабы кеше Солтүстік Қазақстан облысында болып, құрамына танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен спортшылар кірген үгіт-насихат тобы бірқатар кездесулер өткізіп, партияның сайлауалды «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» бағдарламасын жан-жақты талқылады.
Делегация құрамында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі А.Башмаков, «Агрофирма Родина» ЖШС құрылтайшысы және директоры И.Сауэр, Парламент Мәжілісінің V шақырылымының депутаттары С.Бычкова мен Б.Смағұл бар.
Делегация сапары алдымен «Зенченко и К» командиттік серіктестігінің сүт өңдеу зауыты ұжымымен кездесуден басталды. Мұнда кәсіпорын жұмысшылары үшін барлық жағдай жасалса, орташа жалақы 80 мың теңгеден асады. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасында аграрлық секторды дамытуға көңіл бөлінгендігі ерекше аталды.
«Біздің елімізде нағыз еңбекқор азаматтардың жетістікке жетуіне барлық мүмкіндіктер бар. Мемлекеттің шаруаларға жасап отырған жағдайын мейлінше пайдаланып, тынымсыз тер төксең, өз еңбегіңнің жемісін көресің. Еліміздің гүлденуіне өз үлесін қосып жатқан нағыз іскер азаматтарға «Нұр Отан» партиясы да әрқашан қолдау көрсетуге дайын», – деді РСШ мүшесі Абай Тасболатов.
Тағы бір ерекше атап өтерлігі, Достық үйіне кездесуге облыстағы этномәдени бірлестіктердің 300-ден астам өкілі жиналыпты. Этномәдени бірлестіктер қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласып келеді. Тіпті, Ресейдің көршілес облыстарымен мәдениетаралық байланыс тығыз қалыптасқан. Ассамблея бастамасымен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де ҚХА кафедрасы, колледждерде «Бейбітшілік және келісім» орталықтары және Петропавл қаласының мектептерінде 20 этноклуб ашылған.
Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде этносаралық бейбітшіліктің бірегей үлгісін қалыптастырғаны, ал ел халқы Ассамблеямен бірге түрлі этностар арасындағы бейбітшілікті одан әрі дамытуға және нығайтуға күш сала беретіні ерекше аталды. Кездесу барысында «БАРБАНГ» күрдтер қауымдастығы» ҚБ төрағасы Рашид Надиров бізде ешкім ұлтына, керек десеңіз, түр-түсіне қарап бөлінбейтіндігін ерекше айтты. «Қоғамдық келісім» КММ директоры Әсемгүл Есқожа өз ойын былайша жеткізді: ««Нұр Отан» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында бірлікті бірінші кезекке қоюуы өте орынды. Бұл – біздің басты құндылығымыз».
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

Мессидің хет-тригі, Мбаппе мен Холанның дублі
Футбол • Бүгін, 09:08
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Байқау • Бүгін, 08:59
«Қала хикаялары» байқауы жарияланды
Байқау • Бүгін, 08:58
Көлсай – таңғажайып табиғат тартуы
Туризм • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Османлы сұлтанымен кездескен қазақ
Тарих • Бүгін, 08:50
Тілсіз жауға – тегеурінді тосқауыл
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Өнер • Бүгін, 08:45
Өскеменде өнімдер көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Шығанақ тарысы: Тарих пен тағылым
Зерде • Бүгін, 08:40
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Теңге • Бүгін, 08:37
Талғат Есенәлиев: Технология театрдың мүмкіндігін кеңейтеді
Сұхбат • Бүгін, 08:35
Туризм • Бүгін, 08:33
Тұлға • Бүгін, 08:30
Атырауда BMW көлігі бағанға соғылып, екі жолаушы зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 08:27