Бұл туралы кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
Жиын барысында вице-министр Мемлекет басшысының 2016 жылғы 15 қаңтарда 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына қол қойғанын еске салды. Аталмыш бағдарламаның негізгі бағыттары халықтың денсаулығын қорғауға негіз болатын қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру, халықтың сұранысына қарай барлық денсаулық сақтау қызметтерін біріктіру, медициналық қызметтің сапасын арттыру, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын реттеу болып табылады. Сондай-ақ, халықаралық озық тәжірибеге сәйкес, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға негіз ретінде Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі құрылатын болады. Халық арасында саламатты өмір салтын насихаттау шараларын жүргізу, жұқпалы аурулар және психикалық ауытқуларға ұшыраған азаматтарды бақылау, эпидемиологиялық қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау салаларындағы заңнаманың сақталуын бақылау құрылатын жүйенің атқаратын негізгі міндеттеріне жатады. Вице-министрдің айтуынша, оқушыларды сауықтыруға да баса назар аударылатын болады. Мемлекеттік бағдарламаның аясында оқушыларға арналған сауықтыру шараларының жыл бойғы күнтізбесін жасау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Елжан Біртанов 2015 жылы Қазақстанда тіркелген клиникалық тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың тізімі туралы ақпарат беретін және әрбір тауар атауының шекті бағасы көрсетілген Ұлттық дәрілік формуляр жасалғанын мәлімдеді.
Сөз соңында ол 2019 жылға қарай халықты электрондық денсаулық төлқұжатымен және электрондық госпиталдаумен қамтамасыз ету 50 пайызға, бірегей желіге қосылған медициналық ұйымдар үлесі 80 пайызға жететінін хабарлады.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».
• 26 Ақпан, 2016
Денсаулық сақтау жүйесі кеңінен жетілдірілетін болады

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15