26 Ақпан, 2016

Қостанайда автомобиль кластері құрылады (фото)

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-02-2016-kostanay 01ҚОСТАНАЙ. 26 ақпан. Қостанайға Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев келді. Ол облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесті. Сондай-ақ, «АгромашХолдинг» және «СарыаркаАвтоПром» машина жасау зауыттарының өндірістік алаңына келіп, шетелдік инвесторлармен кеңес өткізді .Олармен екі және үш жақты меморандумға қол қойылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қостанай машина жасау зауыттарына министрмен қатар осы салаға инвестиция құюға даяр Франция, Қытай және Ресей компанияларының өкілдері де келді. AllurGroup директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев баяндағандай, 2016 жылы  Қостанайдағы машина жасау ісіне 8,6 миллиард теңге құйылады. Жылына 40 мың автомобиль сапқа қойылмақ. Алайда, Еуразиялық экономикалық одақ елдері Кеден шарты бойынша экспортқа шығаратын тауарлардың 50 пайызы отандық өнім болуы тиіс. Сондықтан Қостанайдағы машина құрастыру зауыттарында шетелдік брендтердің 50 пайызына дейін жергілікті жерде жасалуы шарт. Шетелдік инвесторлармен осындай келісімге келуіміз керек. Бұған шетелдік инвесторлар да кет әрі емес. Қостанайлық автомобильдер негізінен Ресейге шығарылатын болады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. 26-02-2016-kostanay 02 26-02-2016-kostanay 03 26-02-2016-kostanay 04 26-02-2016-kostanay 05 26-02-2016-kostanay 06 26-02-2016-kostanay 07