ТАРАЗ. 26 ақпан. Жамбыл облысы бағалы техникалық дақыл егуді қайта жаңғыртпақшы. 2015 жылы жамбылдық аграршылар 5,3 мың гектар қызылша екті, 2016 жылы оны 12 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Бұл дақылдан түсетін пайда көп. Қызылша қызанақ, қияр сияқты тез бұзылмайды. Шаруашылықты дамыту халықты жұмыспен қамту сынды маңызды міндетті де шешеді. Қызылшаны көп ексек, сонша жұмыс күші болады. Тәтті дақылды жинауға тіпті мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмылдырған кезең естеріңде болар», – деді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев.
Облыс басшысы аудан әкімдеріне өңірде қант қызылшасының алаңын одан әрі кеңейтуді қолға алуын, Тараз, Мерке қант зауыттарын өзіміздің шикізатпен қамтамасыз етуді таптсырды.
Биыл қызылша егу шаруашылығы үшін бюджеттен 420 млн. теңге бөлінді, оның 220 млн. теңгесі тұқым сатып алуға, ал 200 млн. теңге техника сатып алуға жұмсалады.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиевтің айтуынша, биыл тәтті тұқым өсіру үрдісін еккеннен жинағанға дейін арнайы комиссия бақылайтын болады. «Жұмыс жүргізілуде. Арнайы техника сатып алып жатырмыз. Қант зауыттарының сатып алу бағасы субсидиялануда», – деп атап өтті ол.
Оралхан Дәуіт.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: kaztrk.kz.

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше