«Ұлы Жамбыл – қазақтың дәстүрлі әдебиетінің аса дарынды асқақ жаратылған алып өкілі». Бұл – ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жамбыл Жабаев жайлы пайымды пікірі. Шынымен, айтыс өнерінің ақтаңгері аса дарынды болмаса, ел есінде қалуы екіталай еді. Оның жалынды жырлары ұлт жадында жатталып, санасында сақталып тұрғалы қашан. Айшықты айтыстарының да алар орны айрықша. Жамбыл туралы кітаптар да аз емес, мақалалар да баршылық, ой-толғамдар да жетерлік. Ал Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Журналистер одағының мүшесі, фототілші Жақсылық Тұрлыбековтің ұлы ақынның 170 жылдығына арнаған фотоальбомының өзіне тән ерекшелігі бар десек, артық айтқандық болмас, сірә.
Оның ерекшелігі неде деп сұрайтын болсаңыз, онда автордың 20 жыл бойы тірнектеп жинақтаған еңбектері енгізілген. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған ғаламат тұлғаның 150 жылдығы Мәскеуде, Франция, Түркия елдерінде тойланғаны белгілі. Сол жиындағы сәулелі сәттерден сыр шертетін суреттер альбомның ажарын еселей түскен. Айналасы он бес беттен тұратын фотоальбомның ішіне 200-ден астам сурет қамтылған. Жырауға арналған шарапатты шаралар мен игілікке толы істердің ізін осы жинақтан қиналмай табасыз. Олардың қатарында 1996 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жамбыл музейін ашу сәті, республикалық ақындар айтысы, сахна саңлақтарының қатысуымен өткен әртүрлі ән кештері бар.
Мызғымас тіршілікте мыңдаған, миллиондаған жақсы жандар туралы естеліктер естуге болады. Бірақ, оларды көзбен көру кез келгеннің еншісіне бұйыра бермейтін бақ. Ал осындай жақсы жандардың бейнесін бетпе-бет көріп, келбетін келешек ұрпаққа сурет арқылы жеткізу Жақсылықтың тағдырына жазылған екен. Алаштың бағына біткен асыл азаматтардың ойып тұрып орын алуы аталмыш альбомның қадір-қасиетін арттыра түскендей. Автордың бұдан бөлек Абай Құнанбаев, Дінмұхамед Қонаев туралы және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған фотоальбомдары бар екенін естеріңізге саламыз. Бабаларын бағалайтын, өткенін саралайтын жандар үшін мұндай фотоальбомдар құнды құжат, таптырмас байлық, ескірмес естелік болары даусыз.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56