27 Ақпан, 2016

Ілгерілеуге сенім

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Түркітілдес мемлекеттер Пар­ламент­тік Ассамблеясының Бас хатшысы Жандос Аса­нов­пен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. А.Бейсенбаев парламентаралық ынтымақтастықты ілгерілетуге ТүркПА-ның қызметі қомақты үлес қосатынына сенім білдірді. Төраға орынбасары ұйымға мүше елдер заң шығару органдарының өзара құқықтық аясын кеңейтуге қазақстандық тараптың ашықтығын атап өтті. Ж. Асанов өз кезегінде Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының кезекті жалпы отырысына әзірлік жөніндегі Хатшылықтың қызметі туралы айтты.