27 Ақпан, 2016

Неміс сырасынан ракты қоздыратын гербицид табылды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-02-16-pivo-1

АСТАНА. 27 ақпан. Германиядағы Мюнхен қоршаған орта институтының мамандары неміс сыралары маркаларындағы гербицидті зерттей келіп, онда глифасот затының нормадан тыс көп екенін анықтады. Бұл туралы РИА «Новости» дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Мамандар аталмыш заттың бірқатар сыралардағы судың мөлшерінен 300 есе артық болып шыққанына көз жеткізді. Зерттеу материалдарында сыра үшін норма қойылмайтыны, оның әр 0,1 мкг/л су үшін шектеулі көрсеткіші болатыны атап көрсетілген. Желтоқсан және қаңтар айларында жүргізілген зерттеу барысында мамандар әдеттегі суперимаркеттердегі сыраларды алып қарастырған. Осылайша неміс сырасының 14 түрі тестіден өткен. Сонда глифосат мөлшері Hasseroeder Pils сырасында – 29,74 мкг/л, Jever Pils-те – 23,04 мкг/л, Warsteiner Pils-те – 20,73 мкг/л, Radeberger Pilsner-де – 12,01 мкг/л екені анықталған. Ал қалған маркаларда мөлшер бұлардан едәуір аз болған. Мамандар Бүкіләлемдік денсаулық ұйымының мәліметі бойынша, глифосаттың рак ауруларын қоздыратын жоғары қабілеті бар. Руслан Игілік. Дерек, фото: РИА «Новости».