ТАРАЗ. 29 ақпан. Жамбыл облысында жақын арада жаңа заманауи құс фабрикасы ашылады. Кәсіпорын бройлер балапандарын өсіріп, жылына 3,5 мың тонна ет өндіретін болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Әулие-Ата Феникс» ЖШС 2010 жылы Байзақ ауданы Мырзатай ауылында ет бағытындағы құс фабрикасын ашу мақсатында құрылды. 2013 жылы «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы жоба мақұлданды және қаржыландырылды. Жобаның жалпы құны 1 516 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде кәсіпорынның жеке қаражатының үлесі 248 млн. теңге.
Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы құс фабрикасына инфрақұрылым (сумен, газбен, электр жүйесімен қамту) тартуға 547 млн. теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Кәсіпорын қажетті құрылғылармен түгелдей қамтылған, инкубатордан бастап, балапандарды күту, оларға қажетті құрама жем шығаратын арнайы диірмен де бар. Ал дайын өнімді өңдеу голландиялық тәсілмен жүзеге асырылады.
Өндірісті іске қосу осы жылдың бірінші жарты жылдығына жоспарлануда. Кәсіпорын Мырзатай ауылының тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, аталған жобаның жүзеге асуы Байзақ ауданының ауыл шаруашылығына да тың серпін береді. Ал фабриканың құс еті өңір сұранысын қамтамасыз ететін болады.
Оралхан Дәуіт.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: wikipedia.org.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10