ТАРАЗ. 29 ақпан. Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция батальонының инспекторлары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының «Бурылбайтал» бекетінде «Шымкент-Қарағанды» бағытындағы жолаушылар автобусын тоқтатты. Бұл туралы Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ішкі істер органдарының криминалдық полиция бөлімі және «Дельта-Долина» аймақаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ ішкі істер департаментінің көші-қон полициясының инспекторлар тобы бірлесіп, автобус ішіне және оның техникалық жағдайына тексеру жүргізді.
Тергеу барысында жолаушылардың бірі – Астана қаласының тұрғыны, 35 жастағы ер адамның жол сөмкесінен қою жасыл түсті, ерекше иісті өсімдік тектес қарасора заты бар қара полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.
Сот-химиялық сараптамасына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 19 кг 220 грамм гашиш есірткі заты болып шықты. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осыған сәйкес қылмыскер үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
• 29 Ақпан, 2016
Жамбыл облысында есірткі тасымалдағандар қолға түсті

Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
Спорт • Бүгін, 01:41
Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады
Жеңіл атлетика • Бүгін, 00:55
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды
Спорт • Бүгін, 00:25
Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 00:13
Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
Спорт • Кеше
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Есірткі • Кеше
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Экономика • Кеше
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Кеше