АСТАНА. 29 ақпан. Ирактың Дияла провинциясына қарасты Эль-Микдадия қаласында лаңкестердің шабуылынан 35 адам қаза тауып, 50-ден астамы түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жанкешті жерлеу рәсімі болып жатқан жерге келіп, жарылғыш затын іске қосқан. Алғашында 24 адамның мерт болғаны туралы ақпарат тарағанымен, қаза тапқандар саны 35 адамға жеткені белгілі болды.
«Эль-Микдадия қаласында жанкештінің өзін-өзі жарып жіберуінен осындай оқиға болды. Қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін», – деді жергілікті полиция қызметкері.
Айта кетейік, 28 ақпан күні Бағдад қаласындағы сауда орындарының бірінде содырлар ұйымдастырған жарылыстан 70 адам құрбан болып, 100-ден астамы түрлі дене жарақатын алған.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: РИА «Новости».
• 29 Ақпан, 2016
Иракта лаңкестердің шабуылынан 35 адам мерт болды

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10