01 Наурыз, 2016

Түркітілдес елдермен қарым-қатынас арта түспек

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бакытжан СагынтаевКеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) Бас хатшысы Рамиль Гасановпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында мәдениет алмасуды нығайту, білім беру, туризм салаларындағы байланыстарды дамы­ту­ды қоса алғанда, көп жақты ынтымақ­тас­тықтың негізгі бағыттары талқыланды. Бақытжан Сағынтаев пен Рамиль Га­санов ТМЫК-қа мүше мемлекеттердің тран­зиттік әлеуетін, соның ішінде Транс­каспий халықаралық көлік бағыты арқылы да одан әрі дамытудың маңыздылығын атап көрсетті. Қазіргі уақытта Түркі кеңесі қолдауымен Халықаралық құрама жүк тасымалдары туралы келісімнің жобасы талқылануда, оның мақсаты жүкті құрамалы түрде Каспий теңізі арқылы тасымалдау нұсқасының тиімділігін арттыру және Қытай-Еуропа бағытындағы транзитті ұлғайту. ТМЫК құру туралы келісімге 2009 жылдың 3 қазанында Нахчыван қаласында (Әзербайжан Республикасы) өткен 9-шы саммитте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасы бойынша қол қойылған болатын. Үстіміздегі жылы Қазақстан Респуб­ликасы Түркі кеңесіне төрағалық етеді. ТМЫК Хатшылығының штаб-пәтері Ыстам­бұл қаласында орналасқан.