Бұл күнде қазақ эстрадасының құдайы беріп-ақ тұр: өмірге бірінен соң бірі аспаннан жауған құйрықты жұлдыздай хит әндер келіп жатыр. Бұлардың қатарына «Алау» тобының орындауындағы «Гүл-әпшені» де қосуға болар ма еді?!
«Алау» тобының продюсері Баян Есентаева өзінің интернеттегі парақшасында қуанышы қойнына сыймай: «Біздің жаңа дүниені қарсы алыңыздар!», – деп жар салғаны есте.
Енді мына қызықты қараңыз: «Алаудың» бейнеклипін жайнатып, жарнамасын жалаулатып айтқан «Гүл-әпшесі» бар болғаны румынның Sanie cu zurgălăi («Сани с бубенцами») деген әнінің көшірмесі, яғни плагиат болып шыққан. Сол баяғы көңілді желпінтетін ойнақы әуен, скрипканың құйқылжыған ерке сазы, тіпті «Хей!» деп қысқа қайырып айғай салатын жері – бәр-бәрі ғайыптан тайып «Гүл-әпшеге» қоныс аударыпты. Тек румын тілінде ән қыс пен шана туралы болса, қазақшадағы кейіпкер – «красавица вапще» екен.
Жалпы, бұл ән Қарағандыдағы «Дакия» румын мәдени бірлестігінің жанындағы «Dorule» этно-фольклорлық ансамблінің репертуарында да бар. Бірақ та, қарағандылық румындардың Баян Есентаевадан бір айырмашылығы – әлгі әнді Румыниядағы Ro-Mania тобының көшбасшысы Ионуц Войку деген құқық иесінен ресми түрде рұқсат алып, қоғамдық негізде орындайды екен. Ал «Алау» болса, осы әнмен мал тауып жүрген коммерциялық жоба...
– Кезінде, – дейді «Дакияның» төрағасы Николай Плушкис, – Бұл әнді әйгілі Эдит Пиаф та орындаған. Ол да заманында әнді өзінікі қылып көрсетпек болыпты. Алайда, 1936 жылы авторлық құқық жөніндегі сотта жеңіліп қалып, осы әнді қанша орындады – авторына сонша ақы төлеп отырған.
Сөйтіп, уақыттың талабына сай жасарып, жаңарған хит әнді Ro-Mania тобы Румыния авторлық құқық одағында ресми түрде тіркетіп алған.
Румындардың ренжитін жөні бар. Айдың-күннің аманында халқының сүйіктісіне айналған әйгілі әннің тағдыры тәлкекке түскен. Дегенмен, қазақтың суын ішіп, нанын жеп жүрген румын бауырлар сабыр сақтап отыр.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10