ҚЫЗЫЛОРДА. 1 наурыз. Қызылордалық полиция қызметкерлерінің қырағы жұмыстарының нәтижесінде жоғалып кеткен бүлдіршін мен үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған жасөспірім дін аман табылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Биылғы жылдың 29 ақпанында сағат 20.30 шамасында облыстық ішкі істер департаментінің жедел жоспарлау басқармасына 2013 жылы туған баланың жоғалып кеткендігі жайлы хабарлама келіп түседі. Аталған хабарлама бойынша шұғыл оқиға орнына департаменттің және қалалық ішкі істер басқармасының жедел тергеу тобы, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция және жол-патрульдік полиция қызметкерлері жіберіліп, төтенше жағдайлар департаментіне хабарланды. Бүлдіршіннің жоғалып кету себебін анықтау мақсатында тиісті шаралар жүргізіліп, іздестіру жұмыстарына құзырлы ішкі істер органдары қызметкерлері жұмылдырылды. Бірнеше сағатқа созылған шаралар барысында сол аумақтағы көп қабатты тұрғын үйлердің өжірелері, подъездері, аяқталмаған құрылыс нысандары, саяжай аумағындағы далалық елді мекендер тексеріліп, көрген-білген адамдардан жауаптар алынды. Аталған фактіге себеп боларлық жайттар, барлық болжамдар жан-жақты қаралды. Нәтижесінде, 3 жастағы бүлдіршін Тасбөгет кенті, ПМК-19 саяжайының батыс жағынан 4 шақырым қашықтықтағы жыңғылдар арасында ұйықтап жатқан жерінен табылды.
Сонымен қатар, кезекші бөлімге бірнеше сағаттан кейін тағы бір жасөспірімнің жоғалып кетуі жайлы дерек тіркеледі. Нақты айтсақ, 29 ақпан күні сағат 21.30 шамасында 2002 жылы туған 8-сынып оқушысы Тасбөгет кентінде тұратын әжесінің үйінен шығып кетіп, қайта оралмайды. Сағат 01.30 шамасында анасы қызының жоғалып кеткендігі жайлы департаменттің кезекші бөлімшесіне шағымданады. Аталған хабарлама бойынша, жедел түрде іздестіру шаралары жүргізіліп, жасөспірімның тұрпаттық бейнесі, ерекше белгілері жасалады. Үйден кетіп қалуына себеп боларлық жайттар жан-жақты қаралып, баруы мүмкін орындар тексерілді, құрбылары мен достарынан түсініктемелер алынды. Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде 14 жасар жасөспірім қыз бірнеше сағаттан кейін табылды.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56