02 Наурыз, 2016

Мүшелікке кандидат қаралды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Онда Парламент Сенаты Төрағасының Конституциялық Кеңестің мүшесі лауазымына Үнзила Шапақты тағайындау туралы ұсынымы қаралды. Талқылау нәтижесінде комитет Сенатқа Конституциялық Кеңестің мүшесі лауазымына Үнзила Шапақты тағайындауды ұсынды.