«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 97-қадамын, атап айтқанда, азаматтардың мемлекеттік функцияларды өзін өзі реттейтін ұйымдарға тапсыру арқылы шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында 2016 жылғы 15 мамырда күшіне енетін «Өзін өзі реттеу туралы» заң қабылданды.
Заңмен кәсіпкерлік және кәсіби қызметті реттеудің жаңа институты енгізіледі, ол осы қызмет түрлерінің субъектілеріне өздігінен саланы реттеуге тікелей қатысу арқылы нарықта ойын ережелері мен шарттарын өздігінен анықтауға мүмкіндік береді. Заң мемлекеттік реттеудің жағымсыз аспектілерін жоюға, отандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ, нарық қатысушыларының тұтынушылар алдында жауапкершілігін күшейтуге жағдай туғызады.
Заңға сәйкес, өзін өзі реттеу дегеніміз, өзінің қызметін жеке және заңды тұлғалармен дербес реттеуіне бағытталған шаралар кешені. Сонымен қатар, өзін өзі реттеу – кәсіпкерлер одағы үшін өкілеттіліктер жиынтығы ғана емес, сондай-ақ тұтынушыға бизнеспен ұсынылатын сапа кепілдігі.
Ерікті өзін өзі реттеу кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет салаларындағы мемлекеттік реттеумен қатар, өзін өзі реттеу субъектілеріне және олардың қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардан жоғары талаптар белгілене отырып қолданылады. Ерікті өзін өзі реттеу бұл нарықтағы бәсекелестік ортаны дамыту құралы. Ерікті өзін өзі реттеудің негізгі қағидасы – бірігу еркіндігі және саланың ортақтығы.
Кәсіпкерлік және кәсіптік қызметтегі міндетті өзін өзі реттеуі мемлекеттік функцияларды іске асырумен, не мемлекеттік органдар орындайтын белгілі бір функцияларды беру қажеттілігімен ұштасатын қызмет салаларында енгізіледі. Міндетті өзін өзі реттеудің негізгі қағидасы – тиімділік, қайталауды болғызбау (мемлекеттік органдар мен өзін өзі реттейтін ұйымдар құзыретінің аражігін ажырату).
Өзін өзі реттеу институтын енгізуді қарастыратын осынау заң, әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында ұлттық экономиканы төзімділік қорымен қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.