02 Наурыз, 2016

Халқымыз үшін қажет мереке

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01-03-07Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы кездесу барысында митрополит Александр арқылы Қазақстанның барша православ иеліктерін Алғыс айту күнімен құттықтады. Қазақстан Президенті бұл мей­рам елде салтанат құрған тұрақ­тылық, бірлік және келісімнің символы ретінде шынайы халықтық мереке болып саналатынын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев бір-біріне деген ренішін кешіру, алғыс айту, құрмет көрсету және ынтымақ таныту Алғыс айту күнінің маңызды дәстүрлері екеніне назар аударды. Митрополит Александр Мем­лекет басшысына осындай мере­ке­нің белгіленгені үшін алғыс айтты. Бүгін барша Қазақстан халқы атап өтіп жатқан осы тамаша мере­кемен Сізді құттықтауға рұқ­сат етіңіз. Егер былтырғы жыл Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының және Конституцияның 20 жыл­дығы, Жеңістің 70 жылдығы, сияқ­ты елеулі оқиғалармен атап өтілсе, 2016 жыл – біздің Тәуел­сіз­дігіміздің 25 жылдығы. Сондық­тан биыл Алғыс айту күнін тағай­ындау – өте дана шешім. Бұл күн татулық пен тұрақтылық үшін барлық этностардың бір-бірі­не және ең алдымен қуғын-сүргін­нің жазықсыз құрбандарын осы қасиетті жерде паналатқан, оларға қолдау көрсеткен қазақ халқына айтар алғысты білдіреді. Бұл – біздің халқымыз үшін қажет әрі маңызды мереке, – деді митрополит Александр.