Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға арналған міндетті пәндер құрамына ағылшын тілін енгізу жоспарланған, деп мәлімдеді кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев.
– «Біз қазір міндетті пәндердің бірі ретінде ағылшын тілін енгізбекшіміз. Ұлттық бірыңғай тестілеуді реформалауды жоспарлап отырмыз. Ресейде 2021 жылдан бастап ағылшын тілі енгізіледі. Сондықтан, ағылшын тілінің міндетті пәндердің бірі ретінде енгізілуі әбден мүмкін», – деді ол өз сөзінде.
2015 жылғы қарашада үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасы бекітілгені белгілі. Ол мемлекеттік тіл – қазақ тілін, ресми тіл ретінде орыс тілін, сондай-ақ, әлемдік қауымдастықпен сәтті интеграциялану құралы болып табылатын ағылшын тілін үйретуге бағытталған.
Мемлекеттік тілді оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында орыс тілді мектептердің 1-11 сыныптарына арналып деңгейлі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары әзірленді. 2015-2016 оқу жылында бұл оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер Қазақстанның барлық өңіріндегі 41 мектепте сынамадан өткен болатын.
Үш тілді білім беруге көшу аясында білім беру тіліне қарамастан, барлық мектептер мен колледждерде «Қазақстан тарихы» пәнін қазақ тілінде, «Дүние жүзі тарихы» пәнін орыс тілінде оқыту жоспарланып отырғаны да тілге тиек етілді. Бірақ ол жоспар білім беру ұйымының және ата-аналар қоғамдастығының алқалық шешімінің негізінде іске аспақ.
Вице-министр мәлімдегендей, ҰБТ тапсырмаларында логикаға қатысты сұрақтар қарастырылады.
«Бірінші кезекте, біз нақты бір дәйектерді жаттап алудан логикалық тарапқа көшу арқылы ҰБТ-ны жетілдіруді көздеп отырмыз. Яғни, түлектеріміздің ойлау логикасын бағалаймыз. Ол үшін қазір біз жеке тапсырмаларды енгізіп жатырмыз», – деді Т.Балықбаев.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Ұлттық киноның ұстыны: 2025 жылғы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер
Кино • Бүгін, 15:10
АҚШ-та қарлы боран салдарынан 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді
Әлем • Бүгін, 15:00
2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?
Қоғам • Бүгін, 14:45
Елена Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңді
Спорт • Бүгін, 14:30
Өңірлер – өсімнің тірегі. Қазақстандық даму моделінде не өзгеріп жатыр?
Сұхбат • Бүгін, 14:21
Футзалдан Қазақстан кубогінде тосын нәтиже тіркелді
Спорт • Бүгін, 14:10
Түркістан облысында жол бойындағы дәмхана өртеніп кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:55
Корея сарапшысы: Қазақстан Орталық Азияның цифрлық орталығына айнала алады
Сұхбат • Бүгін, 13:47
Ақтауда көктайғақ салдарынан автобустар қозғалысы уақытша тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 13:15
АҚШ Нигериядағы террористерге қарсы әуе соққысын жасады
Әлем • Бүгін, 12:55
Жалғас Жұмағұлов бүгін Чехияда Oktagon чемпионы атағын қорғайды
Спорт • Бүгін, 12:40
Ақтөбеліктер енді жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады
Медицина • Бүгін, 12:20
Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі
Әлем • Бүгін, 12:05
28 желтоқсандағы доллар бағамы белгілі болды
Қаржы • Бүгін, 11:50
Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:30