03 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №194

502 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2015 жылғы 1 сәуір, Астана қаласы Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. ДҮЙСЕНОВА «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Е. Досаев 2015 жылғы 6 мамыр Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі №194 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі 1. Дифтерия 2. Қызылша 3. Қызамық 4. Көкжөтел 5. Жәншау 6. Жел шешек 7. Эпидемиялық паротит 8. А, В, С паратифтері 9. Полиомиелит 10. Тұмаудың атиптік түрі 11. Менингококк инфекциясы 12. Тырысқақ 13. Іш сүзегі 14. Туберкулез (бактерия бөлінетін өкпе туберкулезі кезінде туберкулез микобактериясының бар болуына қақырық жақпасының екі реттік конверсиясына қол жеткізгенше; жіті өршіген туберкулез (менингит, мил­лиарлық туберкулез) түрінде науқастың өміріне қауіп төнбейтін жағдайға қол жеткенше және тубер­кулез микобактериясының бар болуына қақырық жақ­пасының екі реттік конверсиясына қол жеткіз­генше; омыртқа туберкулезінде жұлын қызметінің бұзы­лы­сының асқынуында медициналық сүйемелдеуінсіз өздігінен қозғала алатын жағдайға қол жеткізгенше) 15. Күйдіргінің өкпелік түрі 16. Оба 17. Геморрагиялық вирустық қызба 18. А, Е вирустық гепатиті 19. Безгек Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда Норма­тивтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11317 болып енгізілді.