03 Наурыз, 2016

АҚШ-тың белгілі киностудиясы катарлық кәсіпкерге сатылды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-03-2016-miramax 01АСТАНА. 3 наурыз. «Криминальное чтиво», «Английский пациент», «Убить Билла» секілді фильмдерді түсірген Голливудтың Miramax Film киностудиясы орталығы Катарда орналасқан BeIN Media Group медиакомпаниясына сатылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Financail Times басылымның деректеріне қарағанда, келісімшарттар кеше, яғни, 2 наурыз күні аяқталған. Сатылымның бағасы ашық айтылмайды. Алайда, хабарламада Мұндай ірі студияны сатып алу Катар компаниясына өзінің ықпалын АҚШ, Франция, Австралия сынды елдерді қоса алғанда 24 мемлекетке өз ықпалын жүргізуге мүмкіндік беретіні айтылған. Газет BeIN Media Group компаниясының директоры, катарлық кәсіпкер Нассер Ганим әл-Хелаифидің: «Біздің жоспарларымыз компанияның алдағы уақытта дамуы мен жаңа контент құруына бағытталған», – деген сөздерін мысалға келтірген. Өз кезегінде Miramax Films-тің бас директоры Стив Шох: «Әлемдегі тәуелсіз коммерциялық кино пионері ретінде киностудия өз ұстанымын бекіте түсіп, BeIN Media Group басшылығынан теле және кино өнімдеріміздің таралымын тағатсыздана күтеміз», – деді. Еламан Қоңыр. Дерек: ТАСС. Сурет: youtube.com.