04 Наурыз, 2016

«Жол картасы» жолымды ашты» – дейді ақмолалық жас кәсіпкерлер

232 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
жол2Ақмола облысында тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне айрықша басымдық берілуде. Мұны статистика басқармасының деректерінен де айқын байқауға болады. Жалпы, 2015 жылы өңірде 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, 6300 адам тұрақты нәпақа көзін тапты. Бұл орайда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жұртшылық көңілінен шығып отыр. Нақтылай түссек, жыл ішінде кәсіпкерлік негіздері курстарында 287 адам оқыса, 639 кісі әлеуметтік жұмыстарға тартылды және 430 адам жастар тәжірибесінен өтіпті. Мұнда адамдарды еңбекке тартудың барлық тетіктері қарастырылғаны және оның қолжетімділігі атап көрсетілуде. Газетіміздің тілшілер қосынына арнайы хабарласып, жергілікті атқару органдарының қызметіне ризашылықтарын білдіріп жатқандар да бар. Біз бүгін солардың бірқатарының лебізін оқырмандарымызға жеткізуді жөн көрдік. Мәриям РАХЫМОВА, Бұланды ауданындағы Ма­кинск қаласының тұрғыны: – Орта арнаулы білімім бол­ғанымен мамандығым бойынша жұмыс табу қиынға соқты. Құрбыларымның айтуы­мен аудандық жұмыспен қамту орталығына өтініш жаздым. Мұндағы мамандар жылы қа­бақ танытып, «Жұмыспен қам­тудың жол картасы-2020» бағ­дарламасына қатысуыма кеңес берді. Мен бағдарламаның «Кә­сіпкерлік бастамаларды қолдау және тірек ауылдарын кешенді дамыту» бағытын қолайлы көрдім. Тиісті құжаттарды да артық жүгіріссіз әзірлеп, Көкшетаудағы Қазақстан кә­сіпкерлік академиясы бөлім­шесіндегі бизнес негіздері курсын тәмамдадым. Арнайы комиссия бизнес жобамды мақұлдап, 3 миллион теңге шағын несие алдым. Сөйтіп, дайындық жұмыстарын пысықтап, «Mari» сән салонын аштым. Салтанат шарасына қала­лықтардың көптеп жиналуы қуанышымды еселей түсті. Айбек ХАМИТОВ, Ең­бекшілдер ауданындағы Ең­бек ауылының тұрғыны: Біз шалғай ауылда тұрамыз. Бұ­рынғы Уәлиханов ауданы тараған соң ел тіршілігі қожырай бастаған. Әйткенмен, еті тірі азаматтар хал-қадерінше мал мен егін ша­руа­шылығында қожалықтар ұйымдастырып, тұрмыстық нысандарды ашып жатыр. Жүріс-тұрыс көбейді. Бірақ, басты мұқтаждықтың бірі жанар-жағармай құю бекетінің жоқтығы еді. Мен осы іске тәуекел жасап көргім келді. Сондағы сүйенішім «Бизнес­тің жол картасы-2020» еді. Адас­паған екенмін. Бизнес-жобам қолдау тауып, 3 миллион теңге несие қаражаты берілді. Бұған өз жиған-тергенімді қосып, аудандағыдан кем емес бекет тұрғыздық. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Қиықов қатысып, ауылдағы мен сияқты жас кәсіпкерлерді қанаттандырып жіберді. Біздің жол арқылы «Көкшетау-Степ­ногор-Ерейментау» бағы­тында көлік қатынасы жандана түсті. Сексенбай ЕСБОЛ, Егін­дікөл ауданының тұрғыны: – Мен 2014 жылы Жезқазған бизнес және көлік колледжін «Теміржол көліктерінде тасымалды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітіріп, туған ауылыма оралғанмын. Мұнда теміржол жоқ, сондықтан жұмысқа орналасу мүмкін болмады. Шағын ауылда тұрақты жұмыс та табылмады. Үлкен қалаларға барып, екінші мамандық алуға жағдай келмейді. Былтыр жұмыспен қамту орталығының мамандары көшпелі мәжіліс өткізіп, «Жұ­мыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы туралы кеңейтілген түсінік берді. Мен бағдарламаның «Көшіп-қону және оқыту арқылы жұмыспен қамту» деген ең танымал бағытына ден қойып, ауылдас 3 адаммен бірге оқуға жіберілдім. Олардың біреуі мамандық иесі атанып, ал басқасы қажеттілігі жоғары мамандыққа қайта даярлаудан Бурабай маңындағы Қатаркөл ауылшаруашылық колледжінде арнайы шәкіртақымен 10 ай оқып, веттехник мамандығын алдым. Қазір Егіндікөл аудандық «Ветсансервис» мекемесінде жұмыс істеп жүрмін. Мамандық маған ұнайды. Ел ішінде бе­делім де бар. Бағдарламаның тиім­ділігіне көз жеткіздім. Ауыл­дастарымды үгіттеп те жүрмін. Жандос ӘЛИАКПАРОВ, Целиноград ауданының тұр­ғыны: – Менің музыка танушы мамандығы бойынша орта арнаулы білімім болғанымен, тұ­рақты кәсіп табылмады. Сон­дықтан, былтыр Целиноград ау­дандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарластым. Ондағы мамандар өтінішімді қабылдап, 2015 жылдың 16 шілдесі мен 15 қарашасы аралығында «Це­лин­оград ауданының мәдениет үйі» МКҚК-ға жас­тар тәжі­ри­бесіне жіберді. Бағдар­ламасы аяқ­талғаннан кейін осы мекемеге тұрақты жұмысқа қал­дырылдым. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы ар­қылы мемлекет қамқорлығына бө­леніп, өзімнің сүйікті кәсібіме кі­ріскенім үшін жергілікті атқару орган­дарына алғысымды айтамын. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.