АСТАНА. 7 наурыз. Ертең Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында қазақтың атақты балуаны, еркін күрестен КСРО чемпионы, КСРО халықтары Спартакиадасының чемпионы Әбілсейіт Айхановпен қоштасу рәсімі өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Марқұмның жаназасы сағат 10.00-де шығарылады.
Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамит әйгілі балуанның қайтыс болуына байланысты министрліктің марқұмның туған-туыстарына көңіл айту хатын жолдағанын айтты. Онда былай делінген: «Қазақ күресі орны толмас қазаға ұшырады. Кеше қазақтың атақты балуаны, еркін күрестен КСРО чемпионы, КСРО халықтары Спартакиадасының чемпионы Әбілсейіт Айханов дүниеден өтті.
Әбілсейіт Рүстемұлының қазақ күресіне сіңірген еңбегі орасан зор. Өткен ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстан біріншілігінде 11 мәрте жеңімпаз атанып, Одақ көлемінде өткен талай байрақты бәсекелерде олжа салды. Кейіннен дене тәрбиесі теориясының профессоры атанып, шәкірт тәрбиелеуде елімізге өлшеусіз үлес қосты. Оның қол астында жаттыққан талай балуандар көптеген халықаралық жарыстарда топ жарып, еліміздің мерейін өсірді.
Әбілсейіт Айханов - КСРО құрамасында ойып тұрып орын алған алып тұлғалы балуандарымыздың бірі және бірегейі.
Біз Әбілсейіт Рүстемұлының қазақ спортына қосқан өлшеусіз еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Марқұмның артта қалған туған-туыстарына көңіл айта отырып, иманы саламатты болсын деймін. Ағамыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!»
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.
• 07 Наурыз, 2016
Алматыда атақты балуан Әбілсейіт Айхановпен қоштасу рәсімі өтеді

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13