АСТАНА. 8 наурыз. Бүгін футболдан еліміздің қазіргі чемпионы «Астана» командасы мен Қазақстан Кубогының иегері Алматының «Қайраты» Қазақстан Суперкубогын сарапқа салады. «Астана Арена» стадионында өтетін матч жергілікті уақытпен сағат 15:00-де басталады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған ойынға Өзбекстанның танымал төрешісі Равшан Ирматов қазылық етеді. Одан бөлек, матч өтетін уақытта қалада көлік қозғалысы шектелетінін атап өткен жөн. Нақты айтқанда, сағат 13:00-ден бастап Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары бойында Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Жолдар матч соңына дейін жабық болады. Сондықтан әуежайға баратын астаналықтарға және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына полицейлер айналып өту жолдарын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Ең ыңғайлы жол – Орынбор көшесі арқылы жүру.
Дәстүр бойынша футбол әуесқойлары үшін арнайы трансфер ұйымдастырылады. Автобустар жанкүйерлерді бес жерден алып кетеді. Олар: «Қазақстан» спорт сарайының, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінің, сондай-ақ, елордалық цирктің автотұрақтары.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: vesti.kz.
• 08 Наурыз, 2016
Бүгін футболдан Қазақстан Суперкубогы сарапқа салынады

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13