ОРАЛ. 9 наурыз. Елбасы Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында болды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы өнер мен мәдениет залын, кітапхананы және мемориалдық кабинетті қарап көрді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев облыстың шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Қазақстан Президенті әлемдік экономиканың жаңаруына ғылыми жетістіктер мен инновациялар негіз болатынын атап өтті.
«Біздер және жас ұрпақ мүлде басқа құрылымдағы экономиканың куәгері болатын боламыз. Бұған ең алдымен білім арқылы дайындалуымыз керек. Балалардың бойына мектеп орындығынан бастап инновациялық тұрғыдан ойлау қасиетін дарыту керек. Болашақта бүгінгі мамандықтарға қажеттілік азаяды. Өйткені, қазіргі заманда ғылым өте жылдам дамып жатыр. Қазір басқа сипаттағы білім қажет. Балалардың еркіндігі мен шығармашылығына көбірек мүмкіндік беріп, белсенді ойлау қабілетіне қолдау көрсету керек», – деді Мемлекет басшысы.
Шығармашыл зиялы қауым өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа жүргізіп отырған татулық пен келісім саясаты үшін, елдің түрлі этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға қажетті жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты.
Шығармашылық үйі әдеби-шығармашылық сипаттағы кездесулер мен концерттерді, бейнелеу өнері туындыларының көрмесін, облыстың жазушылары мен ақындары шығармаларының кітапханасын ұйымдастыру сияқты түрлі шаралар өткізуге арналған.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 09 Наурыз, 2016
Елбасы Оралдағы Қадыр Мырза Әлі атындағы орталықта болды

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10