Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың АҚШ-қа жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік хатшы Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан БҰҰ Әйелдер ахуалы жөніндегі комиссиясының 60-сессиясына қатысып, жиында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі бойынша баяндама жасайды деп жоспарланған.
Сапар аясында Г.Әбдіқалықова 10-12 наурыз күндері Вашингтонда АҚШ-тың ресми адамдарымен, іскер және қоғамдық топтар өкілдерімен кездесті.
Мемлекеттік хатшы мен В.Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталықтың Кеннан институтының директоры М.Роджанскидің кездесуінде Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың, жаңғыртулар және реформалардың өзекті мәселелері талқыланды. Г.Әбдіқалықова біздің түпкілікті мақсатымыз бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етумен, мемлекеттің және қоғамның ұзақ мерзімді дамуымен үндесіп жатқанын атап өтті.
Жаһандық әйелдер мәселелері жөніндегі АҚШ елшісі К.Расселмен кездесуде Мемлекеттік хатшы Қазақстан биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекеленетінін атап өтті. Ширек ғасыр ішінде еліміз табысты экономика, орнықты саяси және әлеуметтік жүйе қалыптастырды. Сонымен қатар, осы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына да 25 жыл толып отыр. Г.Әбдіқалықова тараптардың қарусыздану және қару таратпаудағы, демократиялық тректегі, энергетикалық, сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтағы және басқа да жетекші салалардағы стратегиялық серіктестіктің маңыздылығына тоқталды.
Мемлекеттік хатшы мен Әйелдердің жаһандық саммитінің президенті А.Нативидадтың кездесуінде елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің рөлін күшейту, мәртебесін көтеру және олардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу белсенділігін арттыру мәселелері қарастырылды.
Г.Әбдіқалықова іскер топтармен бірге жұмыс барысындағы түскі ас кезінде Қазақстан мен АҚШ-тың сауда-экономикалық ынтымақтастығын, екі елдің іскерлік және инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелерін талқылады.
АҚШ-қа ресми сапары аясында Вашингтонда өткен кездесулер соңында Мемлекеттік хатшы Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгресс өкілдерінің, бизнес элитаның, дипломатиялық корпустың және АҚШ-тың қоғамдық топтарының қатысуымен өткен «Наурыз мейрамы» мерекелік кешіне қатысты.

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49