Семей қаласындағы автоқұрастыру зауытының конвейерінен тұңғыш рет қазақстандық «Газель Next» көлігі шығарылды. Жыл соңына дейін «СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы сияқты 300 шағын автобус құрастыруды жоспарлап отыр. Бұл – отандық нарықта үлкен сұранысқа ие модельдердің бірі.
«Газель» көптеген елдерде негізгі қоғамдық көліктердің бірі ретінде пайдаланылады. Шағын автобустардың өзге түрлерімен салыстырғанда, бұл модель жолаушылардың еңкеймей, тік тұра беруіне қолайлы, яғни салонның биіктігі 2 метрге жетеғабыл. Сондай-ақ, қарапайым автобустармен салыстырғанда, жолаушыларға арналған орын да мол. «Газельді» жинаған құрастырушылардың бірі – Дидархан Қубаев. Жаңа модельді жетік білетін жас маман шағын автобустың кез келген жолда жүре алатынын айтады. Көліктің жарық шамы – 170 миллиметр, биіктігі – 2,7 метр, ұзындығы – 6 метр, бір өзінде 120 аттың күші бар.
Қазір зауытта жаңа «Газельді» жетілдірудің жолдары қарастырылуда. Мамандар оны екі есікті етіп жасауды ойластырып отыр. Бұл жолаушылардың кіруі мен шығуына қолайлы болады. Бұл ретте шағын автобусты жаңғыртуға арналған қаңқа құрылымын Қазақстанда жасау туралы шешім қабылданды. Осы арқылы кәсіпорын өз өнімінің сапасына жеті жылға дейін кепілдік береді.
– Елімізде біздің конвейерімізде құрастырылған 800-ден астам автобус бар. Барлығы әлі де жұмыс істеп жүр. Ешқандай шағым болған жоқ. Біздің мақсатымыз – сапалы өнімді ресейліктерден де, кореялықтардан да кем шығармау, – деді «СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Әсемқан Досқожанов.
Келесі айда аталған өнімдердің барлығы Алматы қаласына жөнелтіледі. Жыл соңына дейін кәсіпорында 200 автобус пен 300 «Газельді» құрастыру жоспарланған.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
СЕМЕЙ.

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49