Астана мен Қарағандының арасына қатынайтын «Сарыарқа» электр пойызы жолаушы қауымына жасалған тәуір сыйдың бірі болды. Бұл пойыздың, айта берсең, артықшылығы көп. Жолаушылар үшін барлық жағдай қарастырылған: жұмсақ орындықтар, заманауи ауа баптағыш жүйесі, тегін Wi-Fi қызметі, екі тілде ақпарат беретін жүгіртпе жол...
«Қала маңындағы тасымал» АҚ-тың Қарағанды учаскесіне тиесілі бұл электр пойызында аға жолсерік болып қызмет ететін Лиана Сабирова сынды шырайлы қарындасты бұл күнде жолаушылардың көбі танып алған. Қашанда жылы жымиып, айналасына нұр шашып жүретін ибалы қыз өзі жұмыс істеген үш жылдың ішінде ұжымға тастай батып, судай сіңген екен. Жолаушылардың да көзайымына айналып, көрмесе іздейтін қимас жанындай болып кеткен...
Өмір шіркіннің күтпеген жерден ұсынар тосын сыйы таусылған ба?! Жолсерік болу Лиана қарындастың үш ұйықтаса түсіне де кірмеген мамандықтың түрі еді. Жоғары оқу орнын «Компьютер бағдарламашысы» мамандығы бойынша тәмамдады. Қолында күректей дипломы болса да дайын тұрған жұмыс жоқ, біраз уақыт үйде отырып қалғаны да рас-тын. Өзі үйдегі балалардың үлкені еді. Арқа сүйейтін асқар тау әке жоқ, жалғыз ананың тапқан-таянғанына қарап отырған он екі мүшесі түгел сау адам үшін қайбір жақсы дейсіз...
Рас, анасы жолсерік болып жұмыс істейтін. Ол кісі бұрындары жұмыс туралы әңгіме қозғалғанда «жолсерік» дей берсе болды, бұл мұрынын шүйіруші еді-ау!.. Иә, бұрын ол теміржол саласын еркектер ғана жұмыс істейтін қара дүрсіндеу жер деп ойлайтын. Сөйтсе, бұл жерде өз ісін жан-тәнімен сүйетін, адамның іші-бауырына кіріп тұратын ер көңілді жандар еңбек етеді екен. Екі-үш рейске шыққаннан кейін көңіліндегі күдік пен қорқыныш сейілген.
Анасының қуанышында шек болмады. Алдымен ол кісі өзінің сүйікті ісін жалғастырғанына риза болса, екіншіден Лианасының ұжыммен тез арада тіл табысып кеткеніне қуанды. Өмірде көрген-түйгені көп, бұл саладағы тәжірибесі өте бай анасының айтқан ақыл-кеңестері өзінің кәдесіне молынан жарағанын Лиананың өзі де мақтанышпен айтады.
«Егер де, менің қызым болашақта жолсерік мамандығын таңдар болса қуанар едім. Өйткені, бұл жұмыс тек қана нәзік жандыларға арналған сияқты болып тұрады мен үшін», деп сыр бөліседі Лиана.
Лиананың ойынша, әйелдер қауымы о бастан психолог болып жаратылған. Ал жолсерік мамандығы үшін бұл ауадай қажет қасиет. Адамдармен тіл табысқан өз алдына, пойыз үстінде, вагон ішінде үйдегідей жылылықтың сәулесін сеуіп, құстың ұясындай жайлы ете білу тек қана әйел затының қолынан келетін өнер деп есептейді ол.
Иә, «Базарға, қарап тұрсам әркім барар» демекші, болат жолмен жүйткіген пойызбен кімдер жүрмейді десеңізші?! Алуан түрлі адамдар – сіркесі су көтермейтіндер, тырнақ астынан кір іздеп отыратындар, ашуы алдында жүретіндер... санай берсең саусақ жетпейді. Міне, жақсы адамдардың арасында кездесіп қалатын осындай жандардың тілін табу айтқанға ғана оңай. Ал біздің Лиана болса, бұл істің нағыз шебері болып алған. Оның риясыз күлкісі, майда тілі, адамға деген ілтипаты бөлек. Содан да болар, өзі жұмыс істеген үш жыл уақыт ішінде бір де бір кикілжің сәтке жол бермепті. Алғаны – тек қана алғыс пен бата.
«Жұмыс барысында адамдарға өзіңді дұрыс көрсете білгеннің маңызы зор. Жолаушылардың жанын түсініп, тілін табу – біздің мамандықтың басты міндеті. Пойыз дегеннің өзі теміржолдың үстіндегі үй ғой, вагоныңыз уақытша болса да жанға жайлы баспана емес пе?! Яғни, шаңырақтағы шуақты сақтай білу тек әйел баласының ғана қолынан келеді», – деген Лиананың сөзімен келіспеске тағы болмайды.
Лиана жұмыстан бос кезінде жаттығу залына барып, өзін күтіп ұстауға көп көңіл бөледі. Сән үлгілерін саралап, косметика әлеміндегі жаңалықтарды да құр жібермей танысып отырады. Жұмыстың талабы сондай – үнемі сымдай тартылып, сымбатты болып жүру керек!
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49