Әрбір кәсіпорында өзінің кәсібіне адал, ісіне берілген, өзі еңбек еткен ортамен біте-қайнасып кеткен адамдар болады. Олардың өзі жұмыс істейтін кәсіпорынға екінші үйіндей бауыр басып кететіні де сондықтан. Еуразиялық топқа кіретін «Қазхромда» да мұндай жұмысшылар аз емес. Олардың бірі – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өтім бөлімінің жүкті қабылдап-тапсырушысы Тамара Сайтиева десек, артық айтқандық бола қоймас. Туабітті қасиетпен үнемі жадырап, жарқылдап, күлімдеп жүретін ол, қарап отырса, зауытқа өз өмірінің 30 жылын арнаған екен.
Тамара Сайтиева зауытта 1982 жылдан бері жұмыс істейді. Осыдан тура отыз жылдан астам уақыт бұрын теміржол цехының жергілікті паркінің операторы болып еңбек жолын бастаған-ды. Зауытқа жұмысқа тұруға оған осында жұмыс жасайтын апасы кеңес берген болатын. Міне, содан бері кәсіпорында табан аудармай еңбек етіп келеді.
2007 жылы оны теміржол цехы кәсіподақ комитетінің төрайымы етіп сайлады. Енді күнделікті өндірістік тапсырмалармен қоса цехтағы әріптестеріне әлеуметтік қолдау көрсету бойынша міндет де қосылды. Әрине, әріптестерінің қауіпсіз еңбек етуі үшін еңбекті қорғау бойынша кәсіби тұрғыда және кәсіподақ бойынша да оң көзбен қарау, мұқият қадағалау қажет болды. Цех ұжымының ынтымағы мен өндірістік табыстары да цехтық кәсіподақ комитетінің жүйелі жұмысына тәуелді. Бір сөзбен айтқанда, мұнда ол араласпайтын мәселе жоққа тән. Қашанда қарақан басынан гөрі өзгенің жүзі жарқын болуына ұмтылатын Тамараның осы болмыс-бітімі оны өз ортасына сыйлы етті. Әріптестері оны «Біздің Тома» деп жандарына жақын тарта атауы да сондықтан.
– Меніңше, әрбір адам өз кәсібін жүрегімен ұнатып, жақсы көруі тиіс. Менің сүйікті кәсібім қиын әрі жауапкершілікті талап етеді. Мен мұнда көптеген жақсы адамдармен достастым. Менің жұмысым – менің өмірімнің айнасы, өйткені, осында еңбек ете жүріп, өзімнің өмірлік серігімді кездестірдім, үш бөлмелі пәтерге қол жеткіздім. Демалыс күндері көп нәрсені істеуге үлгере алмай жатамын, дегенмен, уақытымның негізгі бөлігін отбасыммен өткіземін. Жазда бәріміз саяжайда демалуды ұнатамыз. Көкөніс, жеміс-жидектің түр-түрін өсіріп, қыстың қамын жасаймыз. Өсіп келе жатқан сүйікті немерелерімнің тәрбиесімен айналысу мені ерекше бақытқа бөлейді, – дейді Тамара Сайтиева.
Өндіріс озаты еңбектегі табысы үшін бірнеше рет Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен және үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталған.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49