АСТАНА. 16 наурыз. 18-20 наурыз күндері Астана қаласында күрес түрлерінен Азия құрлығы бойынша Рио-де-Жанейро Олимпиадасына іріктеу турнирі өтеді. Бұл туралы Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сайысқа құрлықтың 20-дан астам елінен палуандар қатысады деп жоспарлануда. Олардың арасында Иран, Қытай, Жапония, Моңғолия, Оңтүстік Корея және Үндістан сынды біздің палуандарға басты бәсекелес болатын елдердің өкілдері бар.
Астанадағы турнирде алты салмақ дәрежесі бойынша Олимпиада жолдамасы таратылады. Атап айтқанда, грек-рим күресінен – 59 кг, 66 кг, 75 кг, 85 кг, 98 кг, 130 кг, еркін күрестен – 57 кг, 65 кг, 74 кг, 86 кг, 97 кг, 125 кг және әйелдер күресінен 48 кг, 53 кг, 58 кг, 63 кг, 69 кг, 75 кг салмақтағы палуандар жолдамаға таласады.
Осы салмақтарда жоғарыда аталған елдер Астанаға бірінші нөмірлі палуандарын әкелетінін атап өткен жөн.
Айта кетейік, бүгінде ұлттық құрама қоржынында күрес түрлерінен 3 Олимпиада жолдамасы бар. Оларды грек-рим күресінің шебері Алмат Кебісбаев (59 кг), тағы бір «классик» палуанымыз Досжан Кәртіков (75 кг) және еркін күрестен ел намысын қорғайтын Артас Сана (57 кг) еншілеген болатын. Осыған байланысты бұл спортшылар елордадағы сайысқа қатыспайды. Ал қалған салмақтарда құрама жаттықтырушылары тек үздіктерге ғана сенім артып отыр.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметі.
Сурет: astana-sport.kz.
• 16 Наурыз, 2016
Астанада күрес түрлерінен Олимпиада жолдамасы сарапқа салынады

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10