16 Наурыз, 2016

Астанада партия өкілдерінің пікір сайысы болып жатыр

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16.03.2016 AST-1 АСТАНА. 16 наурыз. Астанада Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауына қатысатын партия өкілдерінің арасында телепікір сайыс болып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, Қазақстанның «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының өкілі Зәуреш Баталова, «Бірлік» партиясының мүшесі Роза Қуанышбаева, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев, Қазақстанның коммунистік халық партиясының құрметті хатшысы Владислав Косарев қатысып жатыр. Пікірсайыс 3 раундқа бөлінген. Бірінші раундта пікір сайысқа қатысушылар «Әлемдік экономиканың нақтылығы: проблемалары мен перспективалары» атты  тақырыпта сөй сөйлеп, осы кезге дейін атқарған жұмыстары мен алдағы мақсат-міндеттері туралы айтса, екінші раундта «Қазіргі жағдайдағы инфрақұрылым, көлік, логистика» тақырыбында өз ойлары мен пікірлерімен бөлісті. Үшінші раундта партиялардың өкілдері өз сайлаушыларына үндеу арнады Пікір сайыс тікелей эфирде көрсетілген жоқ. Ол кешкі сағат 22.30-да «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі. Бұл прайм тайм уақыты. Осы кезде адамдар жұмыстан кейін үйге келіп, бос уақытында пікір сайысты көре алады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz 16.03.2016 AST