АСТАНА. 16 наурыз. Мемлекет басшысы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты жатақханасының жаңа ғимаратына барды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Елбасы ғимаратты аралап көріп, онда тұрып жатқан, «Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша оқитын студенттермен әңгімелесті.
Қазақстан Президенті жатақханада күнделікті тұрмыс пен демалыс үшін барлық жағдай жасалғанын айтты. Соған орай Нұрсұлтан Назарбаев республикада жастарды қолдау мен олардың білім алуы мәселелеріне ұдайы көңіл бөлінетінін, соның ішінде бұл жұмыс «Серпiн-2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында да атқарылып жатқанын атап көрсетті.
500 адамға арналған пәтер үлгісіндегі жатақхана 2015 жылы ашылған. Онда «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын 300 студент тұрады. Ғимаратта демалуға арналған бөлмелер, медицина кабинеті, жаттығу залы, жеке заттарды сақтайтын қойма, техникалық орынжайлар және мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін арнайы жабдықталған бөлмелер бар.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 16 Наурыз, 2016
Президент Павлодарда студенттер жатақханасына барды

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10