2016 жылғы 20 қаңтар, Астана қаласы
«Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы
28 маусымдағы № 239 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес бұйырамын:
1. «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 239 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7814 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 540-545 (27618) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне жолдауды;
2) осы бұйрықты мерзімді баспасөз беттерінде және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін.
4. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.ИМАШЕВ.